Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил, сроков и формы представления сведений об участниках Международного технологического парка «Астана Хаб»

Бұйрық · № 264 · қабылданған 20.03.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-130281/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил, сроков и формы представления сведений об участниках Международного технологического парка «Астана Хаб» Қолданыста Бұйрық ·№ 264 ·20.03.2019
20.03.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил, сроков и формы представления сведений об участниках Международного технологического парка «Астана Хаб»

Қолданыста Бұйрық ·№ 264 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил, сроков и формы представления сведений об участниках Международного технологического парка «Астана Хаб»
Атауы (қаз.)
«Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін және нысандарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
264
Қабылданған күні
20.03.2019
Көрсетілген редакция
20.03.2019 130281_400668.kaz
Соңғы өзгеріс
20.03.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018426
ЭКБ идентификаторы
130281
Редакция идентификаторы
130281_400668
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:43

0 «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар

туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін және
нысандарын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 23-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері;

2 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар туралы мәліметтер нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне жіберілуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2029 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімі

Қазақстан Республикасы
Премьер – Министрінің
бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 20 наурыздағы
№ 264 бұйрығына
1-қосымша
«Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар
туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 23-тармағына сәйкес әзірленген және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар туралы мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) ұсыну қағидалары мен мерзімін айқындайды.

2 2-тарау. Мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімі

2

2. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді ұсынады.  Аталған мәліметтер, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мен «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі арасында жасалған келісім-шартқа сәйкес «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі ұсынған деректер негізінде құрылады.

3 3. Мәліметтер электрондық нысанда (Microsoft Excel форматында) қазақ және орыс тілдерінде беріледі.

4 4. Комитетке ұсынылатын мәліметтерге ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органының басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.

2 Қазақстан Республикасы

Премьер – Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 20 наурыздағы
№ 264 бұйрығына
2-қосымша
нысан
Р/с №
Ре­зи­дент­тік (ре­зи­дент/ре­зи­дент емес)
Ата­уы
Биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Ре­зи­дент еме­стің ин­кор­по­ра­ция елін­де­гі мем­ле­кет­тік тір­кеу № (неме­се оның ана­ло­гы)
Ор­на­лас­қан же­рі
Қыз­мет тү­рі
Жо­ба­ны іс­ке асы­ру про­це­сін­де қа­ты­су­шы­лар­ға өн­ді­ру­ге жос­пар­лан­ған та­у­ар­лар, жұ­мыстар неме­се қыз­мет­тер
Қа­ты­су­шы ку­ә­лі­гі­нің бе­рі­л­ген кү­ні
Қа­ты­су­шы ку­ә­лі­гі­нің қол­да­ны­лу мер­зі­мі (аяқ­та­лу кү­ні)
Ку­ә­лік мәр­те­бе­сі
Тү­сім­нің (та­быст­ың) кү­ті­ле­тін тү­сі­мі, мың тең­ге
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Жо­ба­ны іс­ке асы­ру үшін тар­ты­ла­тын жұ­мыс­кер­лер­дің бо­лжам­ды са­ны
Жо­ба­ны іс­ке асы­ру үшін жұ­мыс­кер­лер­ді тар­ту­дың бо­лжам­ды мер­зі­мі
Са­ты­л­ған та­у­ар­лар, жұ­мыстар және қыз­мет­тер­дің кө­ле­мі, мың тең­ге
Ин­ве­сти­ци­я­лар­дың кө­ле­мі
ре­зи­дент
ре­зи­дент емес
ре­зи­дент
ре­зи­дент емес
өзін­дік, мың тең­ге
тар­ты­л­ған, мың тең­ге
13
14
15
16
17
18
19
Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органының
басшысы немесе оны алмастыратын тұлға _________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда))
20___ жылы «___» ______________ жасалған күні.
Электрондық цифрлық қолтаңба қол қоюшы тұлғаның өзі қойған қолымен тең және
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-ІІ
Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабында көзделген шарттар орыңдалған кезде

Қолданыстағы