О снятии ограничительных мероприятий на территории села Коктал Аулиекольского района Костанайской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий на территории села Коктал Аулиекольского района Костанайской области
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Көктал ауылының аумағында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 08.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 08.04.2019 130284_396734.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19NGN08327
- ЭКБ идентификаторы
- 130284
- Редакция идентификаторы
- 130284_396734
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:28
0 Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Көктал ауылының аумағында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2018 жылғы
25 желтоқсандағы № 01-23/557 ұсынысы негізінде Көктал ауылы
әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Көктал ауылы аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу
іс-шаралары тоқтатылсын.
2 2. Көктал ауылы әкімінің «Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Көктал ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2018 жылғы
27 маусымдағы № 1 шешімінің (2018 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7921 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Көктал ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3 3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау Министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау
комитетінің Қостанай облысы
қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Әулиекөл аудандық
қоғамдық денсаулық сақтау
басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ Е.Ғ. Дуйсенов
2019 жылғы «8» сәуір
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау
және қадағалау комитетiнiң
Әулиекөл аудандық аумақтық
инспекциясы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________ А.Т. Тайшыбаев
2019 жылғы «8» сәуір
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________ С.Ж. Туралин
2019 жылғы «8» сәуір