Құжат мәтініне өту

Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличение базовых ставок налога на земли, занятые под автостоянки (паркинги) в городе Петропавловске

Өзге акт · № 2 · қабылданған 29.03.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-130361/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличение базовых ставок налога на земли, занятые под автостоянки (паркинги) в городе Петропавловске Қолданыста Өзге акт ·№ 2 ·29.03.2019
29.03.2019 редакциясы
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличение базовых ставок налога на земли, занятые под автостоянки (паркинги) в городе Петропавловске

Қолданыста Өзге акт ·№ 2 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличение базовых ставок налога на земли, занятые под автостоянки (паркинги) в городе Петропавловске
Атауы (қаз.)
Петропавл қаласында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін орналасқан жерлерге базалық салық ставкаларын ұлғайту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2
Қабылданған күні
29.03.2019
Көрсетілген редакция
29.03.2019 130361_397814.kaz
Соңғы өзгеріс
29.03.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19SA005313
ЭКБ идентификаторы
130361
Редакция идентификаторы
130361_397814
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:36

0 Петропавл қаласында автотұрақтар (паркингтер)

санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер)
үшін орналасқан жерлерге базалық салық ставкаларын
ұлғайту туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексі 509-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. Автотұрақтар (паркингтердің) санатына қарай автотұрақтар (паркингтер) орналасқан елді мекендердің жерлері үшін базалық салық мөлшерлемелерінің мөлшері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес ұлғайтылсын.

3

3. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының «Петропавл қаласының жерлерінде орналасқан және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары туралы» 2011 жылғы 29 наурыздағы № 3 шешімнің күші жойылды деп танылсын (2011 жылғы 12 мамырдағы «Всё будет хорошо», 2010 жылғы 13 мамырдағы «Қызылжар Нұры» газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-1-194 болып тіркелген).

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Автотұрақтар (паркингтер) санаттары

2019 жылғы «29» наурыздағы № 2
Петропавл қалалық
мәслихатының шешіміне
№ 1 қосымша
Автотұрақтар (паркингтер) санаттары

р/р
Автотұрақтар (паркингтер) тұрпаттары
Санаттары
1
Ашық тұрпаттағы автотұрақтар (паркингтер)
1 санатты
2
Жабық тұрпаттағы автотұрақтар (паркингтер)
2 санатты

6 Автотұрақтардың (паркингтердің) санатына қарай автотұрақтар (паркингтер) орналасқан елді мекендердегі жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту

2019 жылғы «29» наурыздағы № 2
Петропавл қалалық
мәслихатының шешіміне
№ 2 қосымша
Автотұрақтардың (паркингтердің) санатына қарай автотұрақтар (паркингтер)
орналасқан елді мекендердегі жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін
ұлғайту

р/р
Автотұрақтар (паркингтер) тұрпаттары
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкалары, теңге
Базалық ставкаларды ұлғайту
1
1 санатты
5,79
он есе
2
2 санатты
5,79
бес есе

Қолданыстағы