Об утверждении проверочного листа за соблюдением законодательства Республики Казахстан о рекламе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении проверочного листа за соблюдением законодательства Республики Казахстан о рекламе
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парағын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 22
- Қабылданған күні
- 29.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 28.06.2024 130377_709299.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900018490
- ЭКБ идентификаторы
- 130377
- Редакция идентификаторы
- 130377_709299
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:35
0 Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 85-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1
2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы бекітілсін.
2 2. Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті
1 Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 29 наурыздағы
№ 22 бұйрығына
№ 1 қосымша
Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының
сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
2 Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына Тексеру парағы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 29 наурыздағы
№ 22 бұйрығына
№ 2 қосымша
Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына
Тексеру парағы
__________________________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес жарнама берушi, жарнама таратушы,
жарнама жасаушы
__________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________ қатысты
субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы
__________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) барып, тексеруді/профилактикалық бақылауды тағайындаған
мемлекеттік орган __________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) барып тексеруді/профилактикалық бақылауды тағайындау туралы
акт _______________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _____________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі
__________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы
__________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
№
Талаптар тізбесі
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
1
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс орналастыру туралы хабарламаның болуы
2
Жарнамада конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық басымдықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды, порнографияны насихаттауды немесе үгіттеуді пайдаланбау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын және заңмен қорғалатын өзге де мәліметтерді тарату жөніндегі талаптарды сақтау
3
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы тарих және мәдениет ескерткіштерінде және олардың қорғау аймақтарында, ғибадат үйлерінде (құрылыстарында) және оларға бөлінген аумақта және олардың қоршауларында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналастыру туралы тыйымның сақталуы
4
Бекітілген жобалық құжаттамада тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) сыныптамасына сәйкес келмейтін салынып жатқан немесе пайдалануға берілген тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жарнамасын орналастыруға тыйым салуды сақтау
5
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіруге және өткізуге тыйым салынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын орналастыру жөніндегі талаптарды сақтау
6
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелмеген діни бірлестіктер мен рухани (діни) білім беру ұйымдарын жарнамалауға тыйым салуды сақтау
7
Электрондық казино мен интернет-казино жарнамасына тыйым салуды сақтау
8
Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) жарнамасында талаптың болуы, бағаны (тарифтерді, бағаларды, мөлшерлемелерді) теңгемен көрсету
9
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін шартта белгіленген орналастыру мерзімі өткеннен кейін оны бұзу жөніндегі талапты сақтау
Лауазымды адам (-дар) ____________________________________________
____________ лауазымы
қолы ______________________________________________________
__________ аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі
Бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы _________________________
____________ лауазымы
қолы ______________________________________________________________
__________ аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі