Об определелении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определелении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ
- Атауы (қаз.)
- Егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 90
- Қабылданған күні
- 18.03.2019
- Қолданысқа енгізілген күні
- 26.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2019 130389_397324.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19GJ004149
- ЭКБ идентификаторы
- 130389
- Редакция идентификаторы
- 130389_397324
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:47
0 Егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы
«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5 бабы 3 тармағының 3) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес, Талас ауданнының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Талас ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Оспанов Дулат Молдабековичке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Талас ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
Талас ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 18 наурыздағы
№90 қаулысына қосымша
Талас ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
№
Өсімдік шаруашылығы
өнімдерінің түрі
Егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы
Басталуы
Аяқталуы
1
Жаздық арпа
10.03.2019 жыл
20.04.2019 жыл
2
Жаздық бидай
15.03.2019 жыл
25.03.2019 жыл
3
Күнбағыс
15.03.2019 жыл
15.04.2019 жыл
4
Мақсары
15.03.2019 жыл
15.04.2019 жыл
5
Қант қызылшасы
25.03.2019 жыл
25.04.2019 жыл
6
Көпжылдық шөптер
25.03.2019 жыл
30.04.2019 жыл
7
Дәндік жүгері
20.04.2019 жыл
20.05.2019 жыл
8
Күздік бидай
20.09.2019 жыл
10.11.2019 жыл
Ескертпе: Үстіміздегі жылы өсімдің дәнін сіңіретін топырақ қабатының температурасы төмен және көктемгі ауа-райының құбылмалы болуына орай, аталмыш себу мерзімі 10-15 күнге ауытқуы мүмкін.