Құжат мәтініне өту

«Об утверждении перечня заболеваний, связанных с воздействием ионизирующих излучений, и Правил установления причинной связи»

Бұйрық · № ҚР ДСМ-24 · қабылданған 10.04.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-130396/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
«Об утверждении перечня заболеваний, связанных с воздействием ионизирующих излучений, и Правил установления причинной связи» Күшін жойған Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-24 ·10.04.2019
30.11.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

«Об утверждении перечня заболеваний, связанных с воздействием ионизирующих излучений, и Правил установления причинной связи»

Күшін жойған Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-24 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
«Об утверждении перечня заболеваний, связанных с воздействием ионизирующих излучений, и Правил установления причинной связи»
Атауы (қаз.)
Иондаушы сәулелену әсерімен байланысты аурулардың тізбесін және cебептік байланысын анықтау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
ҚР ДСМ-24
Қабылданған күні
10.04.2019
Көрсетілген редакция
30.11.2020 130396_495578.kaz
Соңғы өзгеріс
30.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018499
ЭКБ идентификаторы
130396
Редакция идентификаторы
130396_495578
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:26

0 Иондаушы сәулелену әсерімен байланысты аурулардың тізбесін және cебептік байланысын анықтау қағидаларын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 89-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) иондаушы сәулелену әсерімен байланысты аурулардың тізбесі;

2 2) аурулардың иондаушы сәулелену әсерімен себептік байланысын анықтау қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

0 Иондаушы сәулелену әсерімен байланысты аурулардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 10 сәуірдегі
№ ҚР ДСМ-24 бұйрығымен
бекiтiлген
Иондаушы сәулелену әсерімен байланысты
аурулардың тізбесі

1 1. Тікелей иондаушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдарда ауру туындаған және күшейген кезде мынадай себептік байланысы анықталуы мүмкін:

1 1) аурулары иондаушы сәулелену әсерiне тiкелей байланысы бар адамдар үшін:

жіті және созылмалы сәулелік ауру;
сәулелік катаракта;
сәулелiк дерматит және күйiктер;
сәулелiк гипотиреоз;
сәулелiк аутоиммундық тиреоидит.

2 2) дербес сәулелену мөлшері немесе ата-анасының сәулелену мөлшері мынаны құрайтын адамдар үшін:

жіті лейкоз – 5 бэр (сЗв);
созылмалы лейкоз (созылмалы лимфолейкозды қоспағанда), миелодиспластикалық синдром – 10 бэр (сЗв);
қатерлі лимфома – 15 бэр (сЗв);
қомақты қатерлi ісіктер – 20 бэр (сЗв);

3 3) дербес сәулелену мөлшері немесе ата-анасының сәулелену мөлшері 35 бэр (сЗв) құрайтын адамдар үшін:

жүрек-тамырлық жүйенің аурулары: жүректiң ишемиялық ауруы, асқынған артериялық гипертония;
қан және қан өндіру ағзаларының аурулары: агранулоцитоз, гипопластикалық және апластикалық анемия;
қалқанша безі аурулары (аутоиммундық тиреоидит, диффуздық түйiндi зоб);
сүйек-бұлшық ет жүйесiнiң дегенерациялық-дистрофиялық зақымдануы (инфекциялық және жарақаттану генезiнен басқа);
жарақаттық, тамырлық және инфекциялық генездің энцефалопатиясына негізделмеген ақыл-ой кемістігі;
туа бiткен аурулар және даму кемiстiктерi:
микроцефалия;
бас сүйегінің және сүйек-бұлшық ет жүйесiнiң даму кемiстiктерi.

2 2. Сәулеленген ата-анадан туған адамдарда аурулар туындаған немесе күшейген кезде иондаушы сәулелену әсерімен себептік байланысы анықталуы мүмкін:

1 1) сәулеленудің дербес мөлшері немесе ата-анасының сәулелену мөлшері 10 бэр (сЗв) және одан жоғарыны құрайтын адамдар үшін:

жіті миелоидтік лейкоз;
жіті лимфоидтік лейкоз;
созылмалы миелоидтік лейкоз;

2 2) сәулеленудің дербес мөлшері немесе ата-анасының сәулелену мөлшері 25 бэр (сЗв) және одан жоғарыны құрайтын адамдар үшін:

өкпе обыры;
сүт безінің обыры;
асқынған артериялық гипертония;
жүректің асқынған ишемиялық ауруы;
микроцефалия;
бет-бассүйегінің даму кемістіктері;
жарақаттық, тамырлық және инфекциялық генездік энцефалопатиясына негізделмеген ақыл-ой кемістігі.

3 3. Аталары мен әжелерінің сәулелену мөлшері 25 бэр (сЗв) және одан жоғарыны құрайтын ұрпақтардағы аурулардың тізбесі:

жіті миелоидтік лейкоз;
жіті лимфоидтік лейкоз;
созылмалы миелоидтік лейкоз;
бет-бассүйегінің даму кемістіктері;
жарақаттық, тамырлық және инфекциялық генездік энцефалопатиясына негізделмеген ақыл-ой кемістігі.

1 Аурулардың себептік байланысын анықтау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 10 сәуірдегі
№ ҚР ДСМ-24 бұйрығымен
бекiтiлген
Аурулардың себептік байланысын анықтау қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Қағидалар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 89-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2 2. Қазақстан Республикасының халқы ауруларының иондаушы сәулелену әсерiне себептiк байланысын сараптауды Өңірлік ведомствоаралық сараптама кеңесі және Орталық ведомствоаралық сараптама кеңесі жүзеге асырады.

3 3. ОВСК денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган құрады.

4 4. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган ӨВСК құрудың орындылығын айқындайды, оның құрамы мен өкiлеттiктерiн бекiтедi.

5 5. ӨВСК және ОВСК қорытындысы радиациялық әсермен байланысты мүгедектіктің, өлімнің себептерін айқындау кезінде тиісті орган үшiн негiз болып табылады.

6 6. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1 1) иондаушы сәулелену – ортамен өзара іс-қимыл кезiнде әртүрлi белгiлердегi иондар түзетiн, зарядталған, зарядталмаған бөлшектер мен фотондардан тұратын сәулелену;

2

2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

3 3) уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

4 4) сәулеленудің әсерлi мөлшері – адам организмi мен оның жекелеген органдарының радиациялық сезiмталдығын ескере отырып, олардың сәулеленуінің ұзақ мерзімді салдарының пайда болу қаупінің шамасы.

2 2-тарау. Аурулардың иондаушы сәулелену әсерімен себептік байланысын анықтау жөніндегі өңірлік ведомствоаралық сараптама кеңесін ұйымдастыру және жұмысы

7 7. ӨВСК – радиациялық сәулеленуге ұшыраған адамдардағы аурулардың иондаушы сәулелену әсерімен себептік байланысын анықтау мақсатында сараптамалық-консультациялық қызметті жүзеге асыратын тұрақты жұмыс істейтін орган.

8 8. ӨВСК құрамы денсаулық сақтау ұйымдарының бейінді мамандарынан және уәкілетті мемлекеттік органның өкілінен қалыптастырылады.

9 9. ӨВСК аурулардың иондаушы сәулелену әсерiмен байланысын клиникалық және зертханалық деректердiң, сәулеленудiң тиімді мөлшерiнiң шамасы мен сипатының негiзiнде қарайды.

10 10. ӨВСК азаматтардың сәулелену мөлшерін есептеуді олардың радиациялық ластану аумақтарында болу фактісін растайтын құжаттардың негізінде жүргізеді.

11 11. Ұрпақтардың ауруларының, өлімінің себептік байланысын сараптау ата-аналарының, аталарының, әжелерінің тиімді мөлшерін ескере отырып, жүргізіледі.

12 12. ӨВСК-да аурулардың иондаушы сәулелену әсерімен себептік байланысын сараптау құжаттардың толық пакеті болған кезде жүргізіледі; поштамен жіберген жағдайда құжаттардың көшірмелері нотариуспен расталуы қажет.

13 13. Өтініш берушілердің құжаттары қабылданғаннан және тіркелгеннен кейін күнтізбелік 30 күннің ішінде ӨВСК-нің қарауында болады.

14 14. Өлімнің иондаушы сәулелену әсерімен себептік байланысын сараптау қайтыс болу туралы анықтамада көрсетілген диагноз бойынша жүргізіледі.

15 15. ӨВСК азаматтарға сараптама қорытындысын жеке қол қоюымен немесе сенімді өкілінің қол қоюымен береді.

16 16. Басқа қаладағы азаматтарға ӨВСК-тің қорытындысы шешім шығарған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде пошта арқылы жіберіледі.

17 17. Азаматтардың диагнозы немесе тиімді мөлшері өзгерген жағдайда ӨВСК-ге құжаттарды қайта сараптауға беруге құқығы бар.

18 18. ӨВСК жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ОВСК-ге өзінің қызметі туралы статистикалық есебін ұсынады.

19 19. ӨВСК қорытындысына ОВСК-де шешім берілген сәттен бастап күнтізбелік 30 күннің ішінде шағым жасалады.

20 20. ӨВСК-ге ұсынылатын құжаттар пакеті:

1 1) өтінішті;

2 2) жеке куәлікті;

3 3) амбулаториялық пациенттің медициналық картасынан хронологиялық тәртіппен бар аурулардың диагноздарын, асқыну жиіліктерін, еңбекке тұрақты жарамсыздығын көрсете отырып, үзіндіні;

4

4) стационарлық науқастың медициналық картасынан негізгі аурудың анамнезі мен динамикасын сипаттай отырып, диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес клиникалық-диагностикалық (зертханалық, аспаптық және функциялық) зерттеулердің, бейінді мамандар консультацияларының нәтижелері бар үзіндіні;

5 5) ДКК-ның қорытындысын;

6 6) қайтыс болған жағдайда – диагнозы көрсетілген қайтыс болу туралы анықтаманы;

7 7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысымен бекітілген Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдарға арналған жеңілдіктер алуға құқықты растайтын куәлікті;

8

8) ластанған аумақтарда тұрғанын (оқығанын, жұмыс істегенін, Қарулы Күштерде және әскери құралымдарда қызмет атқарғанын) растайтын құжаттардың көшiрмелерін: туу туралы куәлік, аттестат, диплом, еңбек кітапшасы, архивтің анықтамасы, әскери билет, іссапар куәлігі, іссапарға жіберу туралы бұйрықтар, ЧАЭС-тегі аварияның салдарын жоюға қатысушының куәлігін;

9 9) неке туралы куәлігін (өлім жағдайының байланысын сараптау кезінде);

10 10) ұрпақтардың сәулеленудің тиімді мөлшерін есептеу үшін – ата-анасының, аталарының, әжелерінің ластанған аумақтарда тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттарын;

11 11) мекенжай анықтамасын;

12 12) құжат тігілетін папканы;

13 13) тиімді мөлшер туралы анықтаманы (ӨВСК-те береді) қамтиды.

3 3-тарау. Аурулардың иондаушы сәулелену әсерімен себептік байланысын анықтау жөніндегі орталық ведомствоаралық сараптама кеңесінұйымдастыру және жұмысы

21 21. ОВСК-тің құрамы денсаулық сақтау ұйымдарының бейінді мамандарынан, уәкілетті мемлекеттік органның және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның өкілдерінен қалыптастырылады.

22 22. ОВСК азаматтардың өтінішін олар ӨВСК қорытындысымен келіспеген жағдайда қарайды.

23 23. ОВСК қайта сараптама жүргізу үшін ӨВСК-дан өтініш берушінің медициналық құжаттамасының түпнұсқаларын сұратады.

24 24. ОВСК-тің отырыстары тоқсанына кемiнде бiр рет өткізiледi.

25 25. ОВСК-тің қорытындысына сот тәртібімен шағым жасалады.

26 26. Иондаушы сәулелену әсерiмен байланысты аурулардың тiзбесiне кiрмейтiн аурулар бойынша құжаттар ӨВСК пен ОВСК-та қаралмайды.

Қолданыстағы