Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин города Шымкент»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин города Шымкент»
- Атауы (қаз.)
- «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру Қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 47/378-6с
- Қабылданған күні
- 29.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 11.06.2025 130425_761210.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19E0000029
- ЭКБ идентификаторы
- 130425
- Редакция идентификаторы
- 130425_761210
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:37
0 «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру қағидалары осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. «Шымкент қаласы мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Шымкент аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3 3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру қағидалары
Шымкент қаласы мәслихатының
2019 жылғы 29 наурыздағы
№47/378-6с шешіміне қосымша
«Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру қағидалары (әрі қарай - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңынның 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2
2. «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағы экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білім беруді дамытуға қосқан үлкен үлесі, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі жетістігі, демократияны, жариялылық пен әлеуметтік прогресті, рухани және интеллектуалды әлеуетті дамытудағы, заңдылықты, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі жетістіктері, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі, ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайту, қаланы мекендейтін халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жемісті жұмысы, өндіріс саласындағы, бизнестегі, шығармашылықтағы, спорттағы, мемлекеттік және әскери қызметтегі, қоршаған ортаны қорғаудағы жоғары жетістіктері, қайырымдылық пен мейірбандық қызметтер жасауда қала алдында айрықша сіңірген еңбегі бар азаматтарға беріледі.
3 3. «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағы азаматтарға көзі тірісінде беріледі.
4 4. «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағы заңсыз сотталған және кейіннен сот шешімі бойынша толық ақталған тұлғаларды қоспағанда соттылығы бар, сондай-ақ бұрын сотты болған тұлғаларға берілмейді.
2 2-тарау. «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беруге ұсыну тәртібі
5 5. «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру жылына бір рет және Қала күніне орайластырылады. «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағы жыл сайын жиырма бес адамға дейін берілуі мүмкін. Егер көрсетілген атақ ағымдағы жылы берілмеген жағдайда, онда ол келесі жылға ауыстырылуы мүмкін.
6 6. «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын беру еңбек ұжымдары, Шымкент қаласының аудандары әкімдері, саяси партиялар, қоғамдық және діни бірлестіктер, жергілікті қоғамдастық жиналыстарының (жиындарының) шешімдері негізінде жүзеге асырылады.
Қолдаухатқа тиiстi басшының қолы қойылады, онда кандидаттың нақты сiңiрген еңбектерi көрсетiледi. Қолдаухатқа жиналыс хаттамасының көшiрмесi, кандидаттың айрықша сiңiрген еңбегiн растайтын құжаттарының көшiрмелерi, өмiрбаяндық мәлiметтерi, соттылық жөніндегі мәліметтер, 9х12 көлемдегi суретi қоса тiгiледi.
Атақ беру туралы өз кандидатурасын ұсынған тұлғалардан түскен қолдаухаттар қарастырылмайды.