Құжат мәтініне өту

Об установлении нормативов отчисления и распределения части чистого дохода коммунальных государственных предприятий города Шымкент

Қаулы · № 281 · қабылданған 04.04.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-130463/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении нормативов отчисления и распределения части чистого дохода коммунальных государственных предприятий города Шымкент Қолданыста Қаулы ·№ 281 ·04.04.2019
04.04.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении нормативов отчисления и распределения части чистого дохода коммунальных государственных предприятий города Шымкент

Қолданыста Қаулы ·№ 281 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении нормативов отчисления и распределения части чистого дохода коммунальных государственных предприятий города Шымкент
Атауы (қаз.)
Шымкент қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативтерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
281
Қабылданған күні
04.04.2019
Көрсетілген редакция
04.04.2019 130463_398331.kaz
Соңғы өзгеріс
04.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19E0000031
ЭКБ идентификаторы
130463
Редакция идентификаторы
130463_398331
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:31

0 Шымкент қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативтерін бекіту туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Шымкент қаласының мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативтері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. «Шымкент қаласының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Шымкент аймақтық құқықтық ақпарат орталығына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шымкент қаласының аумағында таратылатын мерзімде баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.Құрманбековаға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Шымкент қаласы әкімдігінің

2019 жылғы «4» сәуірдегі
№ 281 қаулысына қосымша
Шымкент қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативтері

1 1. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін- таза кірістің 50 пайызы мөлшерінде, оның ішінде денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін таза кірістерінің бір бөлігін аудару нормативі 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

2 2. Таза кірістің қалған бөлігі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың дамуына жұмсалады.

Қолданыстағы