Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Казталовском районе

Қаулы · № 120 · қабылданған 02.04.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-130478/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Казталовском районе Күшін жойған 24.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Казталовском районе

Күшін жойған Қаулы № 120 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Казталовском районе
Атауы (қаз.)
Казталов ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
120
Қабылданған күні
02.04.2019
Көрсетілген редакция
24.08.2026 130478_840863.kaz
Соңғы өзгеріс
24.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19ZH005619
ЭКБ идентификаторы
130478
Редакция идентификаторы
130478_840863
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 03:57
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Казталов ауданында қоғамдық

тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтарды көтермелеудің кейбір
мәселері туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 24.08.2026 № 309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қауылының қосымшасына сәйкес, Казталов ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

2. Аудан әкімі аппаратының басшысы (А.Исламбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары З.Мажитоваға жүктелсiн.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Батыс Қазақстан облысы
полиция департаментінің Казталов
ауданының полиция бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ Р.Дегенбаев
«1» сәуір 2019 жыл

5 Казталов ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері

Казталов ауданы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы 2 сәуірдегі
№ 120 қаулысына қосымша
Казталов ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай
сыйақының мөлшері

1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды

көтермелеудің түрлері:

1) алғыс хат жариялау;

2) грамотамен марапаттау;

3) ақшалай сыйақы беру.

2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды

көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.

3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің Казталов ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – полиция бөлімі) енгізеді.

4. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып

табылады.

5. Ақшалай сыйақының мөлшерiн Комиссия белгiлейді және 10 есе

айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

6. Ақшалай сыйақы төлеу облыстық бюджет қаражаты есебiнен Батыс Қазақстан облысының полиция департаментімен жүргiзіледі.