Об утверждении Правил привлечения стратегических партнеров научными организациями и организациями образования в области здравоохранения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил привлечения стратегических партнеров научными организациями и организациями образования в области здравоохранения
- Атауы (қаз.)
- Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының стратегиялық әріптестерді тарту қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- ҚР ДСМ-35
- Қабылданған күні
- 15.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 15.12.2020 130494_499333.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900018529
- ЭКБ идентификаторы
- 130494
- Редакция идентификаторы
- 130494_499333
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:22
0 Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының стратегиялық әріптестерді тарту қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының стратегиялық әріптестерді тарту қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде, мемлекеттік және орыс тілдерінде бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресустарына орналастыруды;
4 4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішевке жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының стратегиялық әріптестерді тарту қағидалары
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 15 сәуірдегі
№ ҚР ДСМ-35 бұйрығына
1-қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы
ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының
стратегиялық әріптестерді тарту қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының стратегиялық әріптестерді тарту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы медициналық ұйымдар мен білім беру ұйымдарының стратегиялық әріптестерді тарту тәртібін айқындайды.
2
2. Медициналық білім беу және ғылым саласындағы стратегиялық әріптестік – шарт негізінде білім берудің, ғылым мен клиникалық практиканың халықаралық стандарттарын енгізу және бейімдеу үшін денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар және білім беру ұйымдары мен шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білім беру ұйымдары мен медициналық білім беру және ғылым саласындағы медициналық ұйымдар (бұдан әрі – серіктес ұйымдар) арасындағы орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді ынтымақтастық нысаны.
3 3. Стратегиялық әріктестіктің негізгі бағыттары:
1 1) серіктес ұйымдардың институционалдық және қаржылық тұрақтылығын арттыру;
2 2) серіктес ұйымдардың денсаулық сақтау кадрларын даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша қызметін жетілдіру;
3 3) серіктес ұйымдардың ғылыми әлеуетін дамыту;
4 4) серіктес ұйымдардың медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметін жетілдіру.
2 2-тарау. Стратегиялық әріптестерді тарту тәртібі
4 4. Серіктес ұйымдарды тарту тәртібі:
1 1) Мынадай өлшемшарттар:
университеттердің және (немесе) ғылыми ұйымдардың танылған халықаралық рейтингтеріне кіру;
медициналық және фармацевтикалық ғылым және медициналық және фармацевтикалық білім беру салаларындағы жұмыс тәжірибесінің болуы;
әріптестің алдына қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге қабілетті білікті мамандардың болуы бойынша әлеуетті әріптестерді таңдауды;