Құжат мәтініне өту

Об утверждении объемов субсидий на развитие племенного животноводства, повышение продуктивности и качества продукции животноводства

Қаулы · № 305 · қабылданған 15.04.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-130530/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении объемов субсидий на развитие племенного животноводства, повышение продуктивности и качества продукции животноводства Күшін жойған Қаулы ·№ 305 ·15.04.2019
01.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении объемов субсидий на развитие племенного животноводства, повышение продуктивности и качества продукции животноводства

Күшін жойған Қаулы ·№ 305 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении объемов субсидий на развитие племенного животноводства, повышение продуктивности и качества продукции животноводства
Атауы (қаз.)
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
305
Қабылданған күні
15.04.2019
Көрсетілген редакция
01.04.2020 130530_451309.kaz
Соңғы өзгеріс
01.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19E0000036
ЭКБ идентификаторы
130530
Редакция идентификаторы
130530_451309
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:22

0 Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының

өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына және «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18404 тіркелген), Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Шымкент аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылған мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4 4) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Д.Жуминге жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

9 Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері

Шымкент қаласы
әкімдігінің 2019 жылғы
«15» сәуірдегі
№305 қаулысына
қосымша
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге
Субсидия көлемі
Субсидия соммасы, теңге
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемі
Етті ірі қара мал шаруашылығы
1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
1.1.
Ірі қара малдың тауарлық аналық басы
бас/
шағылыстыру маусымы
10 000
1 116
11 160 000
1.2.
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы
20 000
382
7 640 000
1.3.
Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу
сатып алынған бас
150 000
27
4 050 000
1.4.
Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу
225 000
127
28 575 000
Сүтті және сүтті-етті ірі қара мал шаруашылығы
1.
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу
1.1.
Отандық немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен әкелінген шетелдік
сатып алынған бас
150 000
12
1 800 000
1.2.
Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау
ұрықтандырылған бас/шағылысу маусымы
5 000
3 186
15 930 000
Жұмыртқалы құс шаруашылығы
1.
Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу
сатып алынған бас
60
91 000
5 460 000
Қой шаруашылығы
1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
1.1.
Қойлардың асыл тұқымды аналық басы
бас/ шағылысу маусымы
2 500
1017
2 542 500
1.2.
Қойлардың тауарлық аналық басы
1 500
3 789
5 683 500
1.3.
Асыл тұқымды қойлар сатып алу
сатып алынған бас
8 000
687
5 496 000
1.4
Асыл тұқымды ешкілердің аналық басын сатып алу
40 000
297
11 880 000
Шошқа шаруашылығы
1.
Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу
бас/шағылысу маусымы
40 000
537
21 480 000
Балара шаруашылығы
1.
Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
балара ұясы/маусым
5 000
8 452
42 260 000
Барлығы
163 957 000
Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері
Етті мал шаруашылығы
1.
Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату
қосқан салмағы,
килограмм
200
3 375 600
675 120 020
1.2.
Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату
тiрiдей салмағы,
килограмм
200
71 087
14 217 400
Сүтті және сүтті-етті бағыттағы мал шаруашылығы
1.
Сүт өндіру құнын арзандату:
1.1.
бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық
өткізілген немесе өңделген килограмм
10
3 212 260
32 122 600
1.2.
Ауыл шаруашылығы кооперативі
10
780 015
7 800 150
Жұмыртқалы құс шаруашылығы
1.
Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату
1.1.
100 миллион данадан басталатын нақты өндіріс
өткізілген дана
2,5
66 896 627
167 241 567
1.2.
20 миллион данадан басталатын нақты өндіріс
өткізілген дана
2
26 792 500
53 585 000
Барлығы
950 086 736

Қолданыстағы