Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в районе Бәйтерек Западно-Казахстанской области

Қаулы · № 269 · қабылданған 10.04.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-130567/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в районе Бәйтерек Западно-Казахстанской области Қолданыста Қаулы ·№ 269 ·10.04.2019
10.04.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в районе Бәйтерек Западно-Казахстанской области

Қолданыста Қаулы ·№ 269 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в районе Бәйтерек Западно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
269
Қабылданған күні
10.04.2019
Көрсетілген редакция
10.04.2019 130567_398724.kaz
Соңғы өзгеріс
10.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19ZG005622
ЭКБ идентификаторы
130567
Редакция идентификаторы
130567_398724
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:25

0 Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Аудан әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары К.Турлыбековке жүктелсiн.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

«КЕЛІСІЛДІ»
Батыс Қазақстан облысы полиция
департаментінің Бәйтерек
ауданының полиция бөлімі
бастығының міндетін атқарушы
________________М.Қиясов
«26» ақпан 2019 жыл

5 Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

Бәйтерек ауданы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы «10» сәуірдегі
№ 269 қаулысына қосымша
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1 1) алғыс жариялау;

2 2) грамотамен марапаттау;

3 3) ақшалай сыйлықақы беру.

2 2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Бәйтерек ауданы әкімдігімен құрылған қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, қылмыстардың алдын алуға және ашуға ықпал еткен азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.

3 3. Қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыстардың алдын алуда және жолын кесуде белсенді қолдау көрсеткен азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныстарды Комиссияға қарауға «Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Бәйтерек ауданының полиция бөлімі» (бұдан әрi – полиция бөлімі) ұсынады.

4 4. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

5 5. Көтермелеу түрiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушінің қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

6 6. Ақшалай сыйақының мөлшерi комиссиямен белгіленеді және ол, әдетте 10 айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

7 7. Ақшалай сыйақыны төлеу Полиция департаментінің облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргiзіледi.

8 8. Ақшалай сыйақыны төлеу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша Полиция бөлімі бастығының бұйрығы шығарылады.

9 9. Көтермелеуге ақы төлеуге қаражат Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделеді.

Қолданыстағы