Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы
- Атауы (қаз.)
- Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 97
- Қабылданған күні
- 12.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 16.10.2019 130604_424580.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.10.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VJ005859
- ЭКБ идентификаторы
- 130604
- Редакция идентификаторы
- 130604_424580
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:23
0 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағы 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13898 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота, ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. Жарма ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 53 «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5529 тіркелген, 2018 жылғы 23 наурызындағы «Қалба тынысы» аудандық газетінде және 2018 жылы 20 наурызында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде, қағаз және электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау мен енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығына» жіберуді;
3 3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, конкурстық негізде осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4 4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Жарма ауданы әкімдігінің интернет-желісінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Ибраевқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
10 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
Жарма ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «12» сәуірдегі
№ 97 қаулысына қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
№
р/н
Ұйымның атауы
Жұмышылар саны
Квота мөлшері (% ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан)
Жұмыс орындарының саны, адамдар
1
«Горняк» старательдер артелі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
375
1
4
2
«Георгиевский завод насосного оборудования» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
109
1
1
3
«Теміржол жөндеу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің – «ПМС Шар» филиалы
140
1
1
4
«Қамқор локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Шар локомотив жөндеу депосы» филиалы
105
1
1
5
Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің –атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Еңбек-Өскемен» №110 филиалы
421
1
4
6
«Васильевское» тау-металургиялық компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы
115
1
1
7
«Жарма Құрылыс - Газ»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
74
2
1