Құжат мәтініне өту

Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой района Аққулы

Ереже · № 197/39 · қабылданған 08.04.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-130635/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой района Аққулы Қолданыста Ереже ·№ 197/39 ·08.04.2019
16.11.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой района Аққулы

Қолданыста Ереже ·№ 197/39 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой района Аққулы
Атауы (қаз.)
Аққулы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
197/39
Қабылданған күні
08.04.2019
Көрсетілген редакция
16.11.2023 130635_667078.kaz
Соңғы өзгеріс
16.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19PI006299
ЭКБ идентификаторы
130635
Редакция идентификаторы
130635_667078
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:29

0 Аққулы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау

туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Аққулы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі бекітілсін.

2

2. Лебяжі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 қарашадағы «Лебяжі ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5707 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) № 97/18 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Аққулы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

Аққулы аудандық мәслихатының
2019 жылғы «8» сәуірдегі
№ 197/39 шешімімен
бекітілген
Аққулы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Аққулы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес әзірленген және Аққулы ауданының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі - Құрмет грамотасы) наградтауға ұсыну және оны тапсыру тәртібін анықтайды.

2

2. Құрмет грамотасымен Аққулы ауданының алдында сіңірген еңбектерін тану белгісінде, экономика, әлеуметтік саланың, ғылым, мәдениет, білім берудің дамуына, ұлтаралық келісім мен өзара түсінушілікті, әскери, сондай-ақ өзге де мемлекеттік қызметтің және аймақтағы қоғамдық қызметтің нығаюына қосқан жеке үлесі және айтарлықтай жетістіктерге жеткені үшін азаматтар, еңбек ұжымдары және ұйымдар наградталады.

3

3. Аудандық мәслихатына Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынымдарды аудандық мәслихатының депутаттары, ауданының әкімі, аудандық бюджетінен қаржыландырылатын ауданының атқарушы органдардың, ауданының аумағында қызмет жасайтын мемлекеттік орталық органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, ауданының ауыл округтерінің әкімдері, ауданының қоғамдық және діни бірлестіктерінің алқалық органдары енгізеді.

4 4. Белгіленген үлгідегі наградтау парағында марапатталушының жеке басын, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілін, оның нақты сіңірген еңбектерін, жұмысының сапасы мен тиімділігі туралы деректер мазмұндалады.

Наградтау парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды және елтаңбалы мөрмен бекітеді.

2 2-тарау. Аққулы ауданының Құрмет грамотасының сипаттамасы

5 5. Құрмет грамотасының формасы:

қазақ тілінде: Аққулы ауданының Құрмет грамотасы;
орыс тілінде: Почетная грамота района Аққулы.
Құрмет грамотасы қосымша жапсырмасы бар, сыртқы жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және қазақ тілінде «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ» және орыс тілінде «ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА» жазулары бар көгілдір түсті папкадан тұрады.
Қосымша жапсырма баспаханалық тәсілмен кеңейтілген түрінде қалың жылтыратылған қағаздан дайындалады. Қосымша жапсырманың сыртқы жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен қазақ тілінде «Аққулы ауданы» және төменгі бөлігінде орыс тілінде «район Аққулы» жазулары бейнеленген.
Қосымша жапсырманың ішкі жағының оң және сол жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және сол жағында қазақ тілінде «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ» және оң жағында орыс тілінде «ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА» жазулары бар.
Қосымша жапсырманың сол жағынан қазақ тілінде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбектерін атап көрсету үшін орын белгіленген.
Қосымша жапсырманың оң жағынан орыс тілінде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбектерін атап көрсету үшін орын белгіленген.

3 3-тарау. Аққулы ауданының Құрмет грамотасын тапсыру тәртібі

6 6. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.

Құрмет грамотасына аудандық мәслихатының төрағасы және ауданының әкімі қол қояды.
Құрмет грамотасын тапсыру алдында марапаттау туралы шешім жарияланады.

7 7. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда марапатталушыға жеке тапсыру етіледі. Құрмет грамотасын аудан әкімі және (немесе) аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырыс бойынша тұлға тапсыру етеді.

8 8. Аққулы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау бойынша алдын ала қарастыру және ұсыныстарды дайындау үшін келіп түскен құжаттар Аққулы ауданы мәслихатының жанында құрылған әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жолданады.

9 9. Наградтау бойынша материалдар Аққулы ауданының мәслихатында сақталады.

Қолданыстағы