Құжат мәтініне өту

Об обеспечении безопасной эксплуатации существующих зданий и сооружений на территории Акмолинской области

Қаулы · № а-8/99 · қабылданған 12.08.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-13065/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об обеспечении безопасной эксплуатации существующих зданий и сооружений на территории Акмолинской области Күшін жойған Қаулы ·№ а-8/99 ·12.08.2002
10.11.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об обеспечении безопасной эксплуатации существующих зданий и сооружений на территории Акмолинской области

Күшін жойған Қаулы ·№ а-8/99 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об обеспечении безопасной эксплуатации существующих зданий и сооружений на территории Акмолинской области
Атауы (қаз.)
Ақмола облысы аймағындағы бар ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
а-8/99
Қабылданған күні
12.08.2002
Көрсетілген редакция
10.11.2009 13065_176082.kaz
Соңғы өзгеріс
10.11.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V02B0001282
ЭКБ идентификаторы
13065
Редакция идентификаторы
13065_176082
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:52

0 Ақмола облысы аймағындағы бар ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009.11.10 № А-12/485 қаулысымен.
16.07.2001 ж. N 242-2 "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 21.05.02 ж. N 23-16/003-206 тапсырысы бойынша және Қазақстан Республикасы Үкіметі Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық бақылаудың бірыңғай ережесін бекіткенге дейін және құрылысы аяқталмаған, иесіз, қирап істен шыққан ғимараттар мен құрылыстардың бұзылып, бүлінуіне жол бермеу мақсатында облыс әкімдігі етеді:

1 1. Ақмола облысы аймағында орналасқан ғимараттармен құрылыстарды техникалық бақылау шаралары бекітілсін (1 қосымша).

2 2. Аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдіктері:

1 1) Нысандардың иелері 1 қосымшаға сәйкес, ғимараттар мен құрылыстарды техникалық бақылау шараларының қатаң орындалуын қамтамасыз етсін.

2

2) Нысандардың иелері аталмыш шараларды орындауына үнемі бақылау жүргізсін, иелері болмаған жағдайда оның тұрған жерін айқындап, жауапкершілікке тартсын. Егер иелері ұзақ мерзім қатынаспаған жағдайда және нысандарын қанағатты түрде ұстаудан бас тартса, 1994 ж. 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі негізінде (242 баптағы 1,3 тармақтары және 235 баптағы 3 тармағы), ондай нысандарды алып құрылысын аяқтауға, демонтаждауға мүмкіндіктері бар басқа заңды және жеке тұлғаларға беру, немесе сату мүмкіндіктері туралы шешім қабылдау мақсаттарында істерді сотқа тапсырсын.

3 3) Мемлекеттік меншіктегі нысандардың құрылысын аяқтау оған ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің үлестерін қатыстыру мүмкіндіктерін қарастырсын.

4 4) Қазақстан Республикасы Құрылыс істері комитетінің 2004 жылғы 5 ақпандағы N 42 бұйрығымен бекітілген "Ғимараттар мен құрылыстардың жайына техникалық қадағалау ережесі" баланс иелерінің назарына жеткізілсін.

📌 Ескерту. Тармақ 4-тармақшамен толықтырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 30 мамырдағы
N А-5/176
қаулысымен.

2-1

2-1. Ақмола облысының сәулет құрылысты бақылау мемлекеттік басқармасы (Хамитов Т.Ж.) ғимараттар мен құрылыстарды салу, қайта жаңарту, күрделі жөндеу кезінде орындалатын құрылыс-монтаж жұмыстарының, сондай-ақ салынып жатқан объектілердегі атқарылатын құжаттарды рәсімдеудің сапасына бақылауды күшейтсін.
📌 Ескерту. 2-1 тармақпен толықтырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 30 мамырдағы
N А-5/176
қаулысымен.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.

📌 Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 30 мамырдағы
N А-5/176
қаулысымен.

9 Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық бақылау шаралары

Облыс әкімдігінің
2002 ж. 13.08.
N а-8/99 қаулысына
1 қосымша
Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық бақылау шаралары

---------------------------------------------------------------------------
N  Шаралардың түрі, атауы                            Тексеріс  Жауаптылар
мерзімі
---------------------------------------------------------------------------
1 Ғимараттар мен құрылыстардың негізді көтеруші       Тоқсан    Нысанның
құрылымдарын (іргетастарды, сыртқы және ішкі       сайын,    иесі
көтеруші қабырғаларды, аражабындарды, балкондарды, (жылына
лоджияларды, шатырларды, бағаналарды, фермаларды,  4 рет)
аркаларды, тіректерді және т.б.) көзбен қарап
тексеруден өткізу.
---------------------------------------------------------------------------
2 Құрылымдардың қиғаш, көлденең жарықшаларын,        Қажетті- Нысанның иесі
шөгуін, майысымын айқындаған кезде, жұмыстарының   лігінше
түрлеріне сәйкесті мемлекеттік лицензиялары бар,
жобалау ұйымдарды, мамандандырылған кәсіпорындарды
және құрылыс зертханаларын толық тексеріске
қатыстыру, сонымен бірге, қирап, істен шығуы
ықтимал жағдайда Облыстық сәулет, құрылыс,
тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы және
Төтенше жағдайлар басқармаларына мәліметтер беру
---------------------------------------------------------------------------
3 Құрылымдардың жобамен есепке алынбаған қосымша     Көктем   Нысанның иесі
жүктеулері уақытында тазарту (қар, құрылыс қоқыс   кезінде
және т.б.)
---------------------------------------------------------------------------
4 Нәтижелерін арнайы журналға жазып, сумен,          Көктем-  Нысанның иесі
жылумен жабдықтайтын құбырларды, канализацияны,    күз
жарық жүйесімен жабдықтау тораптарын уақытында     кезең-
тексеруден өткізу.                                 дерінде
---------------------------------------------------------------------------
5 Мұржа құбырларының жағдайын тексеру, желдеткіш     Жылына  Нысанның иесі
желістерін, қалыптарды және т.б. жұмыс қалпында    2 реттен
ұсталу.                                            кем емес
---------------------------------------------------------------------------
6 Ғимараттардың жерасты бөлімдерінің периметрі       Үнемі   Нысанның иесі
бойынша отмосткілерін қалпында ұстау жолымен
суөткізбеушілігін қамтамасыз ету, жақын
аймақтарға су тигізбей, тасқын, қар суларын
уақытында қайтарып шығарып тұруды қамтамасыз ету.
---------------------------------------------------------------------------
7 Қабылдау шұқырлардың және ішкі мен сыртқы суағар   Үнемі   Нысанның иесі
құбырларының жағдайына үнемі бақылау жүргізу.
---------------------------------------------------------------------------
8 Әрбір жекеменшік нысандарына ғимараттар мен       Мерзімді Нысанның иесі
құрылыстарының техникалық жағдайы туралы          тексеріске
журнал жүргізу, ғимараттар мен құрылыстардың      сәйкес
техникалық жағдайын жоспарлы тексеру
нәтижесін тіркеу.
---------------------------------------------------------------------------
Маман: М.Закиев

Қолданыстағы