О ликвидации товарищества с ограниченной ответственностью «Уральская железнодорожная больница»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ликвидации товарищества с ограниченной ответственностью «Уральская железнодорожная больница»
- Атауы (қаз.)
- «Орал теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тарату туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 219
- Қабылданған күні
- 23.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 23.04.2019 130764_401563.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1900000219
- ЭКБ идентификаторы
- 130764
- Редакция идентификаторы
- 130764_401563
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:15
0 «Орал теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін
тарату туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Орал теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – серіктестік) таратылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен серіктестікті таратқаннан кейін қалған мүлікті республикалық меншікке қабылдасын.
4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 23 сәуірдегі
№ 219 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Батыс Қазақстан облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 194-5-жол алып тасталсын.
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 266-19-жол алып тасталсын.
3 3. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы ұйымдар тізбесінде:
«3. Төтенше жағдайлар комитеті» деген бөлімде:
«Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер» деген кіші бөлімдегі реттік нөмірі 10-жол алып тасталсын.
4 4. «Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 588-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 12.12-жол алып тасталсын.