О создании некоммерческого акционерного общества «Казахстанский институт общественного развития «Рухани жаңғыру»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании некоммерческого акционерного общества «Казахстанский институт общественного развития «Рухани жаңғыру»
- Атауы (қаз.)
- «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 225
- Қабылданған күні
- 23.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2023 130864_675803.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1900000225
- ЭКБ идентификаторы
- 130864
- Редакция идентификаторы
- 130864_675803
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:15
0 «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты»
коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – КеАҚ) құрылсын.
2
2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласының (бұдан әрі – бағдарлама) жылжыту стратегиясын әзірлеуді және іске асыруды, бағдарламаны іске асыруға қатысатын барлық құрылымдарды талдамалық және әдістемелік сүйемелдеуді, оның ішінде қоғамдық-саяси ахуалды мониторингтеу мен талдауды, азаматтық қоғамдағы процестерді болжауды, ғылыми зерттеулер жүргізуді және мемлекеттік отбасы саясатын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.
3
3. КеАҚ жарғылық капиталы 123850000 (бір жүз жиырма үш миллион сегіз жүз елу мың) теңге мөлшерінде Республикалық бюджет қаражаты есебінен және 100 (бір жүз) пайыз мөлшерінде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысудың мемлекеттік үлесін беру есебінен қалыптастырылсын.
4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) КеАҚ жарғысының бекітілуін;
2 2) мемлекеттік тіркеу үшін КеАҚ атынан құжаттарға қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және басқару органдары құрылғанға дейін үшінші тұлғалардың алдында олардың мүддесін білдіруге уәкілетті адамды сайлауды;
3 3) КеАҚ-тың Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
4 4) КеАҚ акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне беруді;
5 5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 23 сәуірдегі
№ 225 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Нұр-Сұлтан қаласы»;
реттік нөмірі 21-183-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-191-жолмен толықтырылсын:
«21-191. «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы».
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы
27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 375-9-1-жолмен толықтырылсын:
«375-9-1. «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.»;
«Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 375-10-жол алып тасталсын.