Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил отчисления с доходов от проката и показа национальных фильмов в Государственный центр поддержки национального кино

Бұйрық · № 108 · қабылданған 19.04.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-130905/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил отчисления с доходов от проката и показа национальных фильмов в Государственный центр поддержки национального кино Қолданыста Бұйрық ·№ 108 ·19.04.2019
14.02.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил отчисления с доходов от проката и показа национальных фильмов в Государственный центр поддержки национального кино

Қолданыста Бұйрық ·№ 108 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил отчисления с доходов от проката и показа национальных фильмов в Государственный центр поддержки национального кино
Атауы (қаз.)
Ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдарды жасау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
108
Қабылданған күні
19.04.2019
Көрсетілген редакция
14.02.2023 130905_620802.kaz
Соңғы өзгеріс
14.02.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018567
ЭКБ идентификаторы
130905
Редакция идентификаторы
130905_620802
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:17

0 Ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдарды жасау қағидаларын бекіту туралы

«Кинематография туралы» Қазақстан Республикасының Заңы12-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдарды жасау қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

0 Ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдарды жасау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2019 жылғы 19 сәуірдегі
№ 108 бұйрығымен
бекітілген
Ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдарды жасау қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдарды жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Кинематография туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және ұлттық фильмдерді прокаттан және көрсетуден түскен кірістерден Ұлттық киноны қолдаудың мемлекеттік орталығына аудару тәртібін айқындайды.

2 2. Ұлттық фильмдерді прокаттаудан және көрсетуден түскен кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына (бұдан әрі - Мемлекеттік орталық) аударымдар Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алынған деректер негізінде жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына ұлттық фильмдерді жалға беруден және көрсетуден түскен кірістерден аударым жасау тәртібі

3 3. Мемлекеттік орталық арқылы ұлттық фильмді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алған жеке жəне (немесе) заңды тұлғалар Мемлекеттік орталыққа ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден аударымдарды жүзеге асырады.

4 4. Аударым ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын ұйымның үлесі арасындағы айырмадан мынадай көлемде жүзеге асырылады:

1 1) әлеуметтік маңызы бар фильмдерді, дебюттік фильмдерді, оқиғалы фильмдерді прокаттаудан және көрсетуден – табыстың жиырма пайызы;

2 2) кең көрермендер аудиториясына арналған ойын фильмдерінен, бірлесіп шығарылған фильмдерден, прокаттаудан және көрсетуден – алынған мемлекеттік қолдаудың пайыздық арақатынасына мөлшерлес.

5 5. Аударымдар жалға беру және әрбір ұлттық фильмді көрсету аяқталғаннан кейін оларды мемлекеттік Орталықтың банктік деректемелеріне жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Қолданыстағы