Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан

Бұйрық · № 228 · қабылданған 17.04.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-130933/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 228 ·17.04.2019
13.10.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 228 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
228
Қабылданған күні
17.04.2019
Көрсетілген редакция
13.10.2020 130933_487252.kaz
Соңғы өзгеріс
13.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018555
ЭКБ идентификаторы
130933
Редакция идентификаторы
130933_487252
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:19

0 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің

кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1

1) «Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 187 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12052 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Сертификаттарды беруді, есепке алуды, сондай-ақ сертификаттау талаптарының сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elisense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Жарық сигналды, радиотехникалық және метеожабдықтармен жарақталған әуеайлақтардың жарамдылығын Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) ІІ, ІІІ санаттарының бірі бойынша сертификаттау үшін уәкілетті орган халықаралық азаматтық авиация ұйымдарының мамандарын тартуы мүмкін.
Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау үшін 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған тәртіппен және мөлшерде алым алынады.»;

2

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
20___ жылғы «____» _____________

Қолданыстағы