Құжат мәтініне өту

О предоставлении бесплатного или льготного проезда гражданам, проживающим в Кызылординской области, за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств

Өзге акт · № 310 · қабылданған 19.04.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-130939/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О предоставлении бесплатного или льготного проезда гражданам, проживающим в Кызылординской области, за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств Күшін жойған Өзге акт ·№ 310 ·19.04.2019
24.08.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении бесплатного или льготного проезда гражданам, проживающим в Кызылординской области, за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств

Күшін жойған Өзге акт ·№ 310 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении бесплатного или льготного проезда гражданам, проживающим в Кызылординской области, за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств
Атауы (қаз.)
Қызылорда облысында тұратын азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
310
Қабылданған күні
19.04.2019
Көрсетілген редакция
24.08.2020 130939_478722.kaz
Соңғы өзгеріс
24.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19L0006775
ЭКБ идентификаторы
130939
Редакция идентификаторы
130939_478722
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:18

0 Қызылорда облысында тұратын азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қызылорда облысында тұратын азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүру ұсынылсын.

2

2. «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының, «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда облыстық онкологиялық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының және (немесе) «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Көп бейінді облыстық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Байқоңыр қаласындағы филиалының медициналық көрсеткіштері бойынша дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының анықтамасы болған жағдайда науқастың және оны ертіп баратын тұлғаның емделуге, кеңес беруге және (немесе) диагностикаға бару-қайту жол ақысын:

1

1) әуе көлігімен немесе теміржол көлігімен (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар екі орындық купе (ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың «Турист», «Бизнес» және «Тұлпар-Тальго» класты вагондарымен) жүрген кезде - теміржол көлігінің стандартты купелі вагонының бір билетінің нақты құны мөлшерінде;

2 2) темір жол көлігінің стандартты купелі немесе плацкарт вагондары мен қалааралық автомобиль көлігімен жүрген кезде - оның бір билетінің нақты құны мөлшерінде өтеу жүргізіледі.

3 3. Қызылорда облыстық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1

1) «Қызылорда облысында тұратын азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 346 шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5405 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 22 наурызда «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде, 2016 жылғы 21 сәуірдегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2

2) «Қызылорда облысында тұратын азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 346 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 ақпандағы № 182 шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6184 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 13 наурызда жарияланған).

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы