Об утверждении Положения по передаче в аренду или доверительное управление с правом последующей передачи в собственность неиспользуемых объектов коммунальной собственности, объектов незавершенного строительства и правила их передачи в собственность субъектам малого предпринимательства Күшін жойған
Басқа 0
Коммуналдық меншіктегі пайдаланылмай тұрған объектілерді, аяқталмаған құрылыс объектілерін кейіннен меншікке беру құқығымен жалға немесе сенімді басқаруға берудің тәртібі және оларды шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне беру ережесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 23.06.2003 № 294 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" № 131-1 Заңына сәйкес:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Шағын кәсіпкерлік субъектілері тапсырған ақпарлар негізінде олардың қалауымен коммуналдық меншіктегі пайдаланылмай тұрған объектілерді және аяқталмаған құрылыс объектілерін кейіннен меншікке беру құқығымен жалға немесе сенімді басқаруға берудің тәртібі туралы ереже;
Тармақша 2
2) өндірістік қызметті немесе қызмет көрсетуді ұйымдастыру шартымен жалға немесе сенімді басқаруға берілген коммуналдық меншіктегі объектілерді және аяқталмаған құрылыс объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне беру ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншікті және активтерді басқару департаменті коммуналдық меншіктегі пайдаланылмай тұрған объектілерді және аяқталмаған құрылыс объектілерін кейіннен меншікке беру құқығымен жалға немесе сенімді басқаруға беруді және оларды шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне беруді осы қаулымен бекітілген ережелерге сәйкес жүзеге асыратын болсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.С.Сейітжапаровқа жүктелсiн.
Басқа 6. Шағын кәсіпкерлік субъектілері тапсырған ақпарлар негізінде
олардың қалауымен коммуналдық меншіктегі пайдаланылмай тұрған
объектілерді және аяқталмаған құрылыс объектілерін кейіннен меншікке беру құқығымен жалға немесе сенімді басқаруға
берудің тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
Облыс әкімиятының
2002 жылғы 13 тамыздағы
№ 283 қаулысына 1-қосымша
Шағын кәсіпкерлік субъектілері тапсырған ақпарлар негізінде
олардың қалауымен коммуналдық меншіктегі пайдаланылмай тұрған
объектілерді және аяқталмаған құрылыс объектілерін кейіннен меншікке беру құқығымен жалға немесе сенімді басқаруға
берудің тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім) және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Заңына сәйкес әзірленген және шағын кәсіпкерлік субъектілері тапсырған ақпарлар негізінде олардың қалауымен коммуналдық меншіктегі бір жылдан аса пайдаланылмай тұрған объектілерді және аяқталмаған құрылыс объектілерін (бұдан әрі - объект) кейіннен меншікке беру құқығымен жалға немесе сенімді басқаруға берудің шарттары мен тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Шағын кәсіпкерлік субъектілері тапсырған ақпарлар негізінде олардың қалауымен пайдаланылмай тұрған коммуналдық меншік объектілерін және аяқталмаған құрылыс объектілерін ( бұдан әрі - объект) кейіннен меншікке беру құқығымен жалға немесе сенімді басқаруға беруді Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншiкті және активтерді басқару департаментi (бұдан әрі- Департамент) мынадай тәртіпте жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. шағын кәсіпкерліктің субъектілері Департаментке келесі құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) қосымшаға сәйкес, жалға немесе сенімді басқаруға беруге шарт жасасу құқығына өтінім;
Тармақша 2
2) өндірістік қызметпен немесе қызмет көрсетумен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілері ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы құжаттар;
Тармақша 3
3) объектіні өндірістік мақсаттарда немесе қызмет көрсету саласында пайдалану жөнінде жазбаша түрде берілетін ұсыныстар.
Тармақша 4
4) басқару органының пайдаланылмай тұрған объектіге ұсынысы.
Тармақ 4
4. Шағын кәсіпкерліктің субъектісінің өтінімі қоса тіркелген материалдары бірге департаменттің кеңсесінде міндетті түрде тіркелуге жатады.
Тармақ 5
5. Департамент мына мәселелерді негіз ете отырып, тапсырылған материалдарды бір ай мерзімде қарайды:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген құжаттардың толық пакетінің болуы;
Тармақша 2
2) объектінің өндірістік қызмет немесе қызмет көрсету мақсаттары үшін пайдаланылуы;
Тармақша 3
3) объект бойынша қолданылатын жалдау қатынастарының жоқтығы;
Тармақша 4
4) объектіге қатысты қандай да болмасын бір ауыртпалықтың жоқтығы.
Тармақ 6
6. Кәсіпкерден түскен өтінім қаралып, нәтижесі Департаментте құрылған комиссияның хаттамасымен ресімделеді.
Тармақ 7
7. Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншiкті және активтерді басқару департаментiмен шағын кәсіпкерлік субъектісі арасындағы мәселе оңынан шешілген жағдайда бір жылға немесе тараптармен келісілген мерзімге жалдауға немесе сенімді басқаруға шарт жасалады. Осындай шарт жасалған күнінен бастап, егер алты ай үшінде өндірістік қызметті немесе қызмет көрсетуді жолға қойылмаған немесе шартта аталған міндеттер орындалмаған жағдайда, оның бір жақты бұзылуы жасалатын шартта көзделуге тиіс.
Тармақ 8
8. Егер шартты орындауға бір жақты бас тартылған жағдайда, бір тарап бұл туралы екінші тарапты Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте немесе шартта көрсетілген мерзімде ескертуге тиісті.
Тармақ 9
9. Қайтарылған объектілер департаменттің билігіне кіреді және оларды басқа шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беруге немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте жекешелендіруді жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншiкті және активтерді басқару департаментi жалдаудың немесе сенімді басқаруға беру шарттарының орындалуын бақылауды, жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Кәсіпкер жалға алу немесе сенімді басқаруға берудің шартын тиісті түрде орындаған жағдайда, объект оның меншігіне беріледі. Меншік құқығына кірісуді заңдастыруды Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншiкті және активтерді басқару департаментi жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Егер сол бір объектіге шағын кәсіпкерліктің бірнеше субъектісінен ақпарат түссе, онда белгіленген тәртіпте бірінші болып өтінімді берген кәсіпкердің ұсыныстары қаралады. Алдыңғы кезектілік департаменттің кеңсесінде тіркелген өтінімнің күні мен уақытына сәйкес анықталады.
Басқа 27. Жалға немесе сенімді
басқаруға беру туралы
ӨТІНІМ
(заңды тұлғалар толтырады)
Ережеге 1-қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысының
коммуналдық меншікті және
активтерді басқару департаментінің
бастығына
Жалға немесе сенімді
басқаруға беру туралы
ӨТІНІМ
(заңды тұлғалар толтырады)
_________________________________________________________________
(тапсырыс берген заңды тұлғаның толық аты-жөні)
1. Мемлекеттік кәсіпорындар құрамына енетін________________
_______________________________________ мекен-жайы бойынша пайдаланылмай тұрған
ғимаратты зерделей келе____________________
(кәсіпорынның аталуы) біздер, төменде қол қоюшылар, тапсырысқа қол қоюға өкілетті
адамдар (астын сызу керек) біздің өтініштерімізге сәйкес келетін тапсырамыз бойынша
ұсынылған осы үйді өндірістік мақсатқа пайдалану үшін жалға алуға (сенімді басқаруға)
келісім-шарт жасауға келісеміз.
2. Біздің ұсыныстарымыз қабылданған жағдайда тапсырысымыздың қаралу нәтижесі
жөніндегі ресми хабарлама алған сәттен 2 күннің ішінде келісім-шарт жасауға өзімізге
міндеттеме қабылдаймыз.
3. Біздің тапсырысымыздың қаралу нәтижелері жөніндегі шешімді мына мекен-жайға
жіберулеріңізді сұраймыз:________________________
4. Осы тапсырысқа төмендегі құжаттар ұсынылады:______________
_____________________________________________________________________________________
__________________________________________________
(заңды тұлғаның аталуы)
___________________________________________________________________
(уәкілді тұлғаның қызметі, аты-жөні)
Қолы________________________ 2001 ж.__________"____"
Қабылданды:
2001 ж. __________"___"
_____ сағ ______ мин_____
Қолы ____________________
Басқа 28. Жалға немесе сенімді басқаруға беру туралы
ӨТІНІМ
(жеке тұлғалар толтырады)
Ережеге 2-қосымша
Жалға немесе сенімді басқаруға беру туралы
ӨТІНІМ
(жеке тұлғалар толтырады)
1. Мемлекеттік кәсіпорындар құрамына енетін________________
__________________________________ мекен-жайы бойынша пайдаланылмай
тұрған ғимаратты зерделей келе мен,_______________________________
__________________________________________________________________
осы тапсырысқа ұсынылған менің өтініштеріме сәйкес келетін осы ғимаратты
өндірістік мақсатқа (астын сызу керек) пайдалану үшін жалға немесе сенімді басқаруға
алуға келісім-шарт жасауға келісемін.
2. Егер менің ұсынысым қабылданған жағдайда, менің тапсырысымның қаралу
нәтижелері жөніндегі ресми хабарлама жасалған сәттен, 10 күнненкешіктірмей келісім-шарт
жасауға өзіме міндеттеме қабылдаймын.
3. Менің тапсырысымды қарау нәтижелері жөніндегі шешімді мына мекен-жайға
хабарлауыңызды өтінемін:___________________________
4. Осы тапсырысқа төмендегі құжаттар ұсынылады:____________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Қолы ____________
2001 ж.___________"____"_
Қабылданды:
2001 ж.___________"____"_
__________ сағ ________ мин
Қолы _____________________
Басқа 29. Өндірістік қызметті немесе қызмет көрсетуді ұйымдастыру
шартымен жалға немесе сенімді басқаруға берілген
коммуналдық меншіктегі объектілерді және аяқталмаған
құрылыс объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
меншігіне беру ережесі
Облыс әкімиятының
2002 жылғы 13 тамыздағы
№ 283 қаулысына 2-қосымша
Өндірістік қызметті немесе қызмет көрсетуді ұйымдастыру
шартымен жалға немесе сенімді басқаруға берілген
коммуналдық меншіктегі объектілерді және аяқталмаған
құрылыс объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
меншігіне беру ережесі
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім) және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Заңына сәйкес әзірленген және өндірістік қызметті немесе қызмет көрсетуді ұйымдастыру шартымен жалға немесе сенімді басқаруға берілген коммуналдық меншіктегі объектілерді және аяқталмаған құрылыс объектілерін (бұдан әрі - объект) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне берудің шарттарын және тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Шағын кәсіпкерлік субъектілері объектіні сенімді басқаруға немесе жалға беру шартын жасасу кезіндегі белгіленген мерзім өткен соң, объектіні өтеусіз олардың меншігіне беру туралы өтініштерін мына жағдайда беруге құқылы:
Тармақша 1
1) объектіні жалға немесе сенімді басқаруға беру туралы шарттық шарттары тиісті орындалса;
Тармақша 2
2) өндірістік қызмет немесе қызмет көрсету мақсатында объектіні пайдаланса;
Тармақ 3
3. Объектіні жалға немесе сенімді басқаруға беру келісімінің шарттарының орындалуын тексеруді жүзеге асыру үшін Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншiкті және активтерді басқару департаментiнде (бұдан әрі - Департамент) тұрақты комиссия құрылады (бұдан әрі - Комиссия). Комиссия құрамына жергілікті атқарушы органдардың және мүдделі департаменттер мен басқармалардың келісімімен олардың өкілдері енгізілуі мүмкін.
Тармақша 1
1) Комиссия Департаменттiң тиісті бұйрықтарымен құрылады.
Тармақша 2
2) Комиссияның төрағасы болып департаменттің бастығының орынбасары немесе бөлім бастығы тағайындалады.
Тармақ 4
4. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің объектіні жалға немесе сенімді басқаруға беру келісімінің шарттарының орындауын тексеру объектінің келісім жасалған мезгілден бастап алты ай уақыт өткен соң, орналасқан жеріне бару арқылы іске асырады.
Тармақ 5
5. Аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша жалға немесе сенімді басқаруға беру келісімінің шарттарының шағын кәсіпкерлік субъектілері тарапынан орындалуын келісімнің шарттарында көрсетілген инвестициялардың көлемі мен қаржыландыру кезеңдеріне, объектінің іске қосу мерзіміне сәйкес комиссия дербес шешеді немесе келісімнің шарттарында көрсетілген мерзімде тексереді. Бұл жағдайда тексерулер жылына бір рет, ал саны 10 адамға дейінгі шағын кәсіпкерлік субъектілерін үш жылда бір рет тексеру жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Жүргізілген тексерудің нәтижелері бойынша комиссияның барлық мүшелерінің қолы қойылған объектінің жалға немесе сенімді басқаруға беру туралы келісімнің шарттарының орындалу барысы және өндірістік қызметтің немесе қызмет көрсетудің ұйымдастырылуы туралы қорытынды жасалады.
Тармақ 7
7. Комиссияның қорытындысында тексерудің уақыты мен мекен-жайы, комиссияның құрамы, объектінің атауы, жалға немесе сенімді басқаруға беру шартының күні мен нөмірі, өндірістік қызметті немесе қызмет көрсетуді ұйымдастыру фактісі, тексерудің нәтижесі, объектіні жалға немесе сенімді басқаруға беру шартының мерзімі біткенге дейін оны бұзудың (сақтаудың) орындылығы туралы комиссияның тұжырымдары міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Тармақ 8
8. Комиссияның қорытындысымен келіспеген жағдайда, комиссияның әрбір мүшесі өзінің ерекше көзқарасын білдіруге құқылы және ол қорытындыда көрсетілуі тиіс.
Тармақ 9
9. Тексеру жүргізілген мезгілден бастап 5 күн ішінде комиссияның қолы қойылған қорытындының бір данасы жалға алушыға немесе сенімді басқаруды жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектісіне қолы қойылып берілуге тиіс.
Тармақ 10
10. Шағын кәсіпкерлік субъектісі комиссияның қорытындысымен келіспеген жағдайда, комиссияның қорытындысы туралы заңмен белгіленген тәртіпте шағымдануға құқылы.
Тармақ 11
11. Тексерудің нәтижесі бойынша департамент келесі шешімнің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) объектіні жалға немесе сенімді басқаруға беру келісімінің әрекетін сақтау туралы;
Тармақша 2
2) объектіні жалға немесе сенімді басқаруға беру келісімінің әрекетін бұзу туралы.
Тармақ 12
12. Объектіні жалға немесе сенімді басқаруға беру келісімінің шарттарына сәйкес өндірістік қызметті немесе қызмет көрсетуді ұйымдастырған және комиссияның оң қорытындысы болған жағдайда ғана объектіні жалға немесе сенімді басқаруға беру келісімінің әрекетін сақтау туралы шешім қабылданады.
Тармақ 13
13. Жалға немесе сенімді басқаруға берілген келісімнің мерзімі біткен соң, шағын кәсіпкерлік субъектісі тапсырған келісімнің шарттарының орындалуын бейнелейтін, өндірістік қызметті немесе қызмет көрсетуді ұйымдастырғанын дәлелдейтін құжаттардың негізінде Департамент келесі шешімді қабылдайды:
Тармақша 1
1) объектіні меншікке беру туралы;
Тармақша 2
2) келісімнің әрекетін бұзу туралы. объектіні жалға немесе сенімді басқару келісімінің шарттары толық орындалған жағдайда ғана объектіні меншікке беру туралы шешім қабылданады.
Тармақ 14
14. Объектіні шағын кәсіпкерлік субъектісінің меншігіне беру
мемлекеттік меншік объектісін өтеусіз беру туралы келісім және
қабылдау-тапсыру актісі арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Кәсіпкер жылжымайтын мүлікке (объектіге) меншік құқығын заңмен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тiркеуден өткізеді.
Тармақ 16
16. Объектіні жалға немесе сенімді басқару келісімі бұзылған жағдайда объект коммуналдық меншікке, департаменттің билігіне қайтарылуы тиіс.
Тармақ 17
17. Шағын кәсіпкерлік субъектісі объектіні сақтамаудың, мақсатсыз пайдаланудың салдарынан келтірген зиянның және тағы да басқа материалдың залалдың орнын толтыруға міндетті, ол туралы келісімде көрсетілуі тиіс.
Тармақ 18
18. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
Басқа 56. Мемлекеттiк меншiк объектiсiн өтеусiз беру
туралы типтік шарт
Ережеге қосымша
Мемлекеттiк меншiк объектiсiн өтеусiз беру
туралы типтік шарт
"____"_______2002 ж. № ______ Шымкент қ.
Оңтүстiк Қазақстан облысының коммуналдық меншiкті және активтерді басқару
департаментi (бұдан әрі - Департамент) атынан департамент туралы Ереже негізінде
әрекет ететiн департаменттің бастығы______________________________________________,
(уәкіл етілген тұлғаның тегі, аты жөні)
бір тараптан, және шағын кәсіпкерліктің субъектісі________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты жөні)
атынан бастығы__________________________________ (бұдан әрі - кәсіпкер),екінші (уәкіл
етілген тұлғаның тегі, аты жөні)
тараптан, төмендегiлер туралы осы келiсiмдi жасасты:
1. Шарттың нысанасы
1.1 __________________________________________________________
(объектінің атауы, мекен-жайы)
(жалпы алаңы) (бұдан әрi - "Объект"), "Департаментке" берген ақпараттар
негiзiнде _____ жылғы № ___ өтiнiмдi тапсыру жолымен иелiк ету құқығы бар және
Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншікті және активтерді басқару
департаментінің ____ жылғы № ____ бұйрығымен құрылған комиссияның "___" ______ жылғы
объектiнi кiшi кәсiпкерлiктiң субъектiсiне сенiмдi басқаруға одан әрi меншiкке беру
хаттамасына және "___" ______ жылғы комиссияның "___" ______ жылғы № ______ шағын
кәсiпкерлiктiң субъектiсiне мемлекеттік объектіні сенiмдi басқаруға одан әрi меншiкке
беру келісім-шарттың шарттарының орындалуын тексеру хаттамасына сәйкес, "Кәсiпкер"
меншiгiне өтеусiз беру болып табылады.
1.2. "Департамент" меншiкке өтеусiз бередi, ал "Кәсiпкер" сенiмдi басқаруға беру
келісім-шарты жасасқан мезгiлдегi ________ (жазбаша) теңге қалдық құнымен объектіні
өтеусiз алады.
Объектiнi тапсыру қабылдау-өткiзу актiсi негiзiнде iске асырылады және осы
келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Жерге келiсiм шарт жер комитетiнiң аумақтық органдарымен бөлек жасалады.
2. Тараптардың мiндеттерi мен құқықтары
2.1. "Департамент" осы келiсiм жасалған мезгiлден бастап 3 күн iшiнде объектiнi
өткiзу туралы құжаттарды дайындауға мiндеттенедi.
2.2. "Департамент " "кәсiпкердiң" жеке меншiгiне объектiнi өткiзген мезгiлден
бастап ____ (үш жылға дейін) жыл уақыт iшiнде объектiнiң өндiрiстiк немесе қызмет
көрсету мақсатында пайдаланылуын тексеруге құқылы.
2.3. "Кәсiпкер" объектiнi ____ (үш жылға дейін) жыл уақыт iшiнде өндiрiстiк
немесе қызмет көрсету мақсатында пайдалануға мiндеттенедi.
2.4. Объектiнiң өткiзiлуi, соның iшiнде оның сатылуын, ____ (үш жылға дейін)
жылдың iшiнде тек ғана "департаменттің" келiсуiмен ғана iске асырылады.
3. Тараптардың жауапкершiлiгі
3.1. Егер де "Кәсiпкер" объектiнi өндiрiстiк немесе қызмет көрсету мақсатында
пайдаланбаса, "Департаментке" объектiнi сақтамаудың, мақсатсыз пайдаланудың нәтижесiнде
келтірілген және тағы да басқа материалдың залалдың орнын толтырып, қайтаруға жауапты.
4. Қосымша шарттары
4.1. Тараптар қол қойған күннен бастап осы келісім өз күшіне енеді.
4.2. Объектінің меншік құқығы жылжымайтын мүлiктердi тiркеу органында
мемлекеттiк тiркеуден өткізіледі.
4.3. Шарт бiрдей заңның құқығы бар 3 данада, қазақ тілінде жасалды,
оның екеуі "Департаментте" қалады, біреуі "Кәсiпкерге" берiледi.
5. Тараптардың заңды мекен-жайлары
"Департамент" "Кәсіпкер"
Басшы Басшы
______________ ________________
(қолы, мөр орны) (қолы, мөр орны)