Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Қаулы · № 105 · қабылданған 23.04.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-130990/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған Қаулы ·№ 105 ·23.04.2019
02.10.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Күшін жойған Қаулы ·№ 105 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
105
Қабылданған күні
23.04.2019
Көрсетілген редакция
02.10.2019 130990_423367.kaz
Соңғы өзгеріс
02.10.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19UB004989
ЭКБ идентификаторы
130990
Редакция идентификаторы
130990_423367
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:15

0 Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31бабының 2тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9бабының 6) тармақшасына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

2

2. Арыс қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 15 қарашадағы №398 «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4286 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 16 желтоқсанда «Арыс ақиқаты» газетінде және 2017 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3 3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Арыс қаласы әкімдігінің

2019 жылғы 23 сәуірдегі
№105 қаулысына қосымша
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Кәсіпорын, ұйымның, мекеменің атауы
Тізімдік саны
Квота мөлшері
(%)
1
Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «С.Ерубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
208
1
2
Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Б.Онтаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
121
1
3
Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаражантақ жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
76
1
4
Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Аққала жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
80
1
5
Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жиделі жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
107
1
6
Қызмет-Сервис-Арыс жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
85
1
7
«Теміржол Су Арыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
184
1
8
Арыс қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Арыс жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
32
1

Қолданыстағы