Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Қаулы · № 116 · қабылданған 24.04.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-130993/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған Қаулы ·№ 116 ·24.04.2019
03.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Күшін жойған Қаулы ·№ 116 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
116
Қабылданған күні
24.04.2019
Көрсетілген редакция
03.04.2020 130993_452265.kaz
Соңғы өзгеріс
03.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19UE004994
ЭКБ идентификаторы
130993
Редакция идентификаторы
130993_452265
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:14

0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің  18-бабының  7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының  9-бабының 6) тармақшасына сәйкес, Бәйдібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

2

2. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 мамырдағы №198 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4624 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 маусымында «Шаян» газетінде және 2018 жылғы 18 маусымында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3 3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары Н.Айтбековке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Бәйдібек ауданы әкімдігінің

2019 жылғы 24 сәуірдегі
№116 қаулысына қосымша
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Кәсіпорының, ұйымының, мекеменің атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квота мөлшері (%)
Жұмыс орындарының саны
1
Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Қаратау жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
66
2
1
2
Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «М.Ауезов жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
86
2
1
3
Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «С.Әбдіжаппаров жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
144
3
4
4
Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «К.Сыпатаев жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
91
2
1

Қолданыстағы