Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Акжаикскому району

Қаулы · № 78 · қабылданған 29.04.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-131024/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Акжаикскому району Күшін жойған Қаулы ·№ 78 ·29.04.2019
29.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Акжаикскому району

Күшін жойған Қаулы ·№ 78 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Акжаикскому району
Атауы (қаз.)
Ақжайық ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
78
Қабылданған күні
29.04.2019
Көрсетілген редакция
29.04.2020 131024_459084.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19ZB005643
ЭКБ идентификаторы
131024
Редакция идентификаторы
131024_459084
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:10

0 Ақжайық ауданы бойынша

мүгедектер үшін жұмыс
орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ақжайық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақжайық ауданы бойынша тізімдік саны бар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін.

2

2. Ақжайық ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 мамырдағы №162 «Ақжайық ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4819 тіркелген, 2017 жылы 3 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Ақжайық ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Умитов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Шиниязовқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Ақжайық ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Ақжайық ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 29 сәуірдегі
№ 78 қаулысына
қосымша
Ақжайық ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота пайызы
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
«Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі
164
3
5
2
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің «Қаршы орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
83
2
2
3
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің «Тайпақ мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
50
2
1
4
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің «Ж.Молдағалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
68
2
1
5
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің «Талап мектеп-бөбекжай» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
85
2
2
6
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының білім бөлімінің «Сарытоғай орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
63
2
1
7
«Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
55
2
1
Барлығы
568
13

Қолданыстағы