Об установлении ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков
- Атауы (қаз.)
- Барлық салықтөлеушілер үшін тіркелген салықтың мөлшерлемерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 387
- Қабылданған күні
- 25.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 15.06.2020 131059_467362.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19KA005308
- ЭКБ идентификаторы
- 131059
- Редакция идентификаторы
- 131059_467362
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:13
0 Барлық салықтөлеушілер үшін
тіркелген салықтың мөлшерлемерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 546 бабына, Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қарағанды қаласында барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың мөлшерлемері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. Қарағанды қалалық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы ХVI сессиясының № 169 «Кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-1-82 болып тіркелген, 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 134 (463) «Взгляд на события» газетінде жарияланған).
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қарағанды қалалық мәслихатының
2019 жылғы «25» сәуірдегі
XXXVII сессиясының
№ 387 шешіміне қосымша
Рет
№
Салық салу объектісінің атауы
Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
1.
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
5
2.
Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
7
3.
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
4
4.
Ойын жолы
25
5.
Карт
4
6.
Бильярд үстелі
8
7.
Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті
35