Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения, культуры, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Жамбылского района Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения, культуры, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Жамбылского района Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қызметші болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 34/3
- Қабылданған күні
- 29.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2021 131066_554301.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19SG005382
- ЭКБ идентификаторы
- 131066
- Редакция идентификаторы
- 131066_554301
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:09
0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыланатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленсін.