Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества сел Алтынсаринского сельского округа Камыстинского района Костанайской области

Ереже · № 246 · қабылданған 24.04.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-131080/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества сел Алтынсаринского сельского округа Камыстинского района Костанайской области Күшін жойған Ереже ·№ 246 ·24.04.2019
11.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества сел Алтынсаринского сельского округа Камыстинского района Костанайской области

Күшін жойған Ереже ·№ 246 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества сел Алтынсаринского сельского округа Камыстинского района Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Қамысты ауданы Алтынсарин ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және ауылдардың жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
246
Қабылданған күні
24.04.2019
Көрсетілген редакция
11.03.2020 131080_448315.kaz
Соңғы өзгеріс
11.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19NK008387
ЭКБ идентификаторы
131080
Редакция идентификаторы
131080_448315
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:14

0 Қостанай облысы Қамысты ауданы Алтынсарин ауылдық округінің

бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және ауылдардың жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қамысты ауданы Алтынсарин ауылдық округі ауылдарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қамысты ауданы Алтынсарин ауылдық округі ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

3

3. Қамысты аудандық мәслихатының «Қостанай облысы Қамысты ауданы Алтынсарин ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және ауылдардың жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 402 шешімінің (2016 жылғы 16 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6166 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

4

4. Қамысты аудандық мәслихатының «Қостанай облысы Қамысты ауданы Свободное ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және ауылдардың жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 405 шешімінің (2016 жылғы 17 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6174 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Қостанай облысы Қамысты ауданы Алтынсарин ауылдық округі ауылдарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары

Мәслихаттың
2019 жылғы «24» сәуірдегі
№ 246 шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы Қамысты ауданы Алтынсарин ауылдық округі ауылдарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қостанай облысы Қамысты ауданы Алтынсарин ауылдық округі (бұдан әрі – Алтынсарин ауылдық округі) ауылдарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Алтынсарин ауылдық округінің ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

2 2. Қамысты ауылдық округінің аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиынды Алтынсарин ауылдық округінің әкімі шақырады.

Қамысты ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шакырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Алтынсарин ауылдық округінің шегінде бөлек жиынды өткізуді Алтынсарин ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Алтынсарин ауылдық округінің ауыл тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды Алтынсарин ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Алтынсарин ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін Алтынсарин ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қамысты аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Алтынсарин ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Алтынсарин ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

19 Қостанай облысы Қамысты ауданы Алтынсарин ауылдық округі ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Мәслихаттың
2019 жылғы «24» сәуірдегі
№ 246 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Қамысты ауданы Алтынсарин ауылдық округі ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы
Өкілдерінің саны (адам)
1
Алтынсарин ауылы
19
2
Свободное ауылы
4

Қолданыстағы