О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в районе Тереңкөл
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в районе Тереңкөл
- Атауы (қаз.)
- Тереңкөл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 7/43
- Қабылданған күні
- 22.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 05.11.2021 131107_550680.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PH006320
- ЭКБ идентификаторы
- 131107
- Редакция идентификаторы
- 131107_550680
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:16
0 Тереңкөл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды
жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған
шығындарын өндіріп алу туралы
Казақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақсан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық арқылы қолдау туралы» Заңының 16 - бабы 4) тармақшасына сәйкес Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ КАБЫЛДАДЫ:
1 1. Тереңкөл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіру 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
2
2. Мүгедек баланы психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысы негізінде үйде оқыту қажет деп танылған кезден бастап, әрбір кемтар балаға, тиісті оқу жылы ағымында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды тоқсан сайын төлеу тәртібі айқындалсын.
3 3. Мүгедек бала жасы 18 жасқа толғанда, мүгедек бала қайтыс болғанда, мүгедектікті алып тастағанда, тұрғылықты мекенжайын ауыстырғанда, материалдық қамтамасыздандыру төлеуді тоқтатуға себеп болған жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
4
4. Качир аудандық мәслихатының (VI-сайланған IV-сессиясы) 2016 жылғы 13 маусымдағы «Качир ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» № 1/4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5151 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 шілдеде «Тереңкөл тынысы» және «Заря» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.