О внесении изменения в некоторые решения Маслихата города Атырау
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в некоторые решения Маслихата города Атырау
- Атауы (қаз.)
- Атырау қаласының Мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 361
- Қабылданған күні
- 24.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 24.04.2019 131145_403187.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19TA004392
- ЭКБ идентификаторы
- 131145
- Редакция идентификаторы
- 131145_403187
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:13
0 Атырау қаласының Мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгеріс енгізу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 546 бабы 3 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 44 бабына сәйкес, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Атырау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 204 «Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4104 санымен тіркелген, 2018 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) және Атырау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 260 «Атырау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 204 «Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4250 санымен тіркелген, 2018 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімдеріне келесі өзгеріс енгізілсін:
орыс тіліндегі қосымшасының 3 бағанасындағы «базовых» деген сөзі «единых» деген сөзімен ауыстырылсын.