Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов города Семей
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов города Семей
- Атауы (қаз.)
- Сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлар мен кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 793
- Қабылданған күні
- 04.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 07.11.2024 131155_751010.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.11.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VB005918
- ЭКБ идентификаторы
- 131155
- Редакция идентификаторы
- 131155_751010
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:05
0 Семей қаласының барлық кандидаттары үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағының негізінде, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, осы қаулының қосымшасына сәйкес барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2
3 3. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Семей қаласының ауылдық округтері және кенттерінің әкімдері:
1 1) барлық кандидаттардың тең құқығын қамтамасыз ету жағдайында үгіт баспа материалдарын орналастыруды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін, үй-жайларды бірдей және тең жағдайда ұсынуды қамтамасыз етсін;
2 2) белгіленген орындарды үгіт материалдарын орналастыру үшін стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
4 4. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру - инспекторлық жұмыс бөлімі Қазақстан Республикасы заңнамасындағы белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау мен енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Семей қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялау үшін жолдауды;
4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5 5. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
6 6. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Семей қаласы аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы З. Тоқаев
«26» сәуір 2019 жыл
13 Семей қаласындағы барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
Семей қаласы әкімдігінің
2019 жылғы «4» мамырдағы
№ 793 қаулысына
1 қосымша
Семей қаласындағы барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға
арналған орындар
№
Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
1.
Құтжанов көшесі, 1, № 29 ЖОББМ жанында
2.
Қашағанов көшесі, 1, университет спорт кешенінің жанында
3.
35 квартал, 18 Г, ОДА № 4 жанында
4.
Ағайынды Мусиндер көшесі, 19, № 31 ЖОББМ жанында
5.
Абай көшесі, 73, Балалар мен жастар шығармашылығы сарайы жанында
6.
Посмаков көшесі, 70, Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік филиалының жанында
7.
Қ. Мұхамедханов көшесі, «Орталық алаң» аялдамасы ауданында
8.
Абай Құнанбаев көшесі, «Медицина Университеті» аялдамасы ауданында
9.
Дулатов көшесі, «Жансая» аялдамасы ауданында
10.
Әуезов даңғылы, «Новостройка» аялдамасы ауданында
11.
З. Белібаев көшесі, 34, «Дальняя» аялдамасы ауданында
12.
Восточный кенті, «Қамбар» сауда үйінің ауданында
13.
Центральная көшесі, «Бобровка» аялдамасы ауданында
14.
Глинки көшесі, 16 А, «Көктем» сауда орталығы ауданында
15.
Шәкәрім даңғылы, «Орталық» аялдамасы ауданында
16.
Селевин көшесі, 24, № 35 ЖОББМ жанында
17.
Қ. Мұхамедханов көшесі, 40, Көлік колледжінің жанында
18.
Юность көшесі, 80 А, «Ертөстік» балабақшасының жанында
19.
Юность көшесі, 25/1, «Наурыз» сауда орталығының жанында
20.
Парк аллеясы көшесі, 1, Құрылыс колледжінің жанында
21.
Байтұрсынов көшесі, 38/1, № 5 көпсалалы гимназияның жанында
22.
Пржевальский көшесі, 16 А, № 38 мектеп-лицейінің жанында
23.
Б. Момышұлы көшесі, 57, № 28 ЖОББМ жанында
24.
Молодогвардейская көшесі, 48/1, № 33 ЖОББМ жанында
25.
Ұшақтар шағынауданы, 1, № 49 ЖОББМ жанында
26.
Спартак көшесі, 1, № 11 ЖОББМ жанында
27.
6-линия көшесі, 18 А, № 47 ЖОББМ жанында
28.
Левый Восточный кенті, 290 А, № 45 ЖОББМ жанында
29.
Ш. Уәлиханов көшесі, 150, Педагогикалық колледждің жанында
30.
Степной кенті 13/1, № 46 ЖОББМ жанында
ЖОББМ - жалпы орта білім беретін мектеп
ОДА - отбасылық дәрігерлік амбулатория
14 Сайлау өткізу кезеңінде шарттық негізде кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі өткізілетін үй-жайлардың тізімі
Семей қаласы әкімдігінің
2019 жылғы «4» мамырдағы
№ 793 қаулысына
2 қосымша
Сайлау өткізу кезеңінде шарттық негізде кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі өткізілетін үй-жайлардың тізімі