О сроках оптимального посева сельскохозяйственной культуры
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О сроках оптимального посева сельскохозяйственной культуры
- Атауы (қаз.)
- Ауыл шаруашылығы дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 32
- Қабылданған күні
- 25.02.2019
- Қолданысқа енгізілген күні
- 26.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2019 131186_403854.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19GH004133
- ЭКБ идентификаторы
- 131186
- Редакция идентификаторы
- 131186_403854
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:00
0 Ауыл шаруашылығы дақылдарын себудің оңтайлы
мерзімдерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабы3 тармағының 3) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2019 жылы Т.Рысқұлов ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi белгiленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Оразхан Руслан Қонысбайұлына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 2019 жылы Т.Рысқұлов ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 ақпандағы №32 қаулысына қосымша
2019 жылы Т.Рысқұлов ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi
№
Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрі
Егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы
1
Күздік бидай
2019 жылғы 10 қыркүйек - 20 қараша аралығы
2
Жаздық арпа
2019 жылғы 15 наурыз – 15 сәуір аралығы
3
Сұлы
2019 жылғы 15 наурыз – 15 сәуір аралығы
4
Қант қызылшасы
2019 жылғы 01 – 20 сәуір аралығы
5
Жүгері
2019 жылғы 25 сәуір –15 мамыр аралығы
6
Мақсары
2019 жылғы 20 наурыз – 20 сәуір аралығы
7
Көп жылдық шөп
2019 жылғы 20 наурыз – 25 сәуір аралығы
Ескертпе: Үстіміздегі жылы көктем мерзімінің қалай шығуына байланысты өсімдік дәнін сіңіретін топырақ қабатының температурасы төмен және ауа-райының құбылмалы болуына орай, аталмыш себу мерзімі 10-15 күнге ауытқуы мүмкін.