Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Қаулы · № 125 · қабылданған 08.05.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-131283/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған Қаулы ·№ 125 ·08.05.2019
27.02.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Күшін жойған Қаулы ·№ 125 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
125
Қабылданған күні
08.05.2019
Көрсетілген редакция
27.02.2020 131283_446394.kaz
Соңғы өзгеріс
27.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19SD005402
ЭКБ идентификаторы
131283
Редакция идентификаторы
131283_446394
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:02

0 Мүгедектерге арналған жұмыс

орындарына квота белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 болып тіркелген), Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарының квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2

2.   Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2018 жылғы 12 қаңтардағы №01 қаулысының күші жойылды деп танылсын (2018 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4560 болып тіркелген).

3 3. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әділет Департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облысы филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберілсін;

3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «___» _________№__
қаулысына қосымша
Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын
есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

р/н
Ұйымдар атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота пайызы
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)
1
«Талшық Астық Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
70
2 %
1
2
«Ақ-Ниет-Агро и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
65
2%
1

Қолданыстағы