Об утверждении схем и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Аккольского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении схем и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Аккольского района
- Атауы (қаз.)
- Ақкөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-4/118
- Қабылданған күні
- 23.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 10.06.2024 131285_704953.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19BC007166
- ЭКБ идентификаторы
- 131285
- Редакция идентификаторы
- 131285_704953
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:15
0 Ақкөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14 бабы 3 тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақкөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2 2. Қоса берілген Ақкөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі осы қаулының 4 - қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Г.Е. Әбілқайыроваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
5 Ақкөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Ақкөл аудандық білім бөлімінің «Урюпин орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне тасымалдаудың схемасы
Ақкөл ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «23» сәуірдегі
№ А-4/118 қаулысына
1-қосымша
Ақкөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Ақкөл аудандық білім бөлімінің «Урюпин орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне тасымалдаудың схемасы
6 Ақкөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Ақкөл аудандық білім бөлімінің «Жайық Бектұров атындағы № 3 Ақкөл орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне тасымалдаудың схемасы
Ақкөл ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «23» сәуірдегі
№ А-4/118 қаулысына
2-қосымша
Ақкөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Ақкөл аудандық білім бөлімінің «Жайық Бектұров атындағы № 3 Ақкөл орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне тасымалдаудың схемасы
7 Ақкөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Ақкөл аудандық білім бөлімінің «Жайық Бектұров атындағы № 3 Ақкөл орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне тасымалдаудың схемасы
Ақкөл ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «23» сәуірдегі
№ А-4/118 қаулысына
3-қосымша
Ақкөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Ақкөл аудандық білім бөлімінің «Жайық Бектұров атындағы № 3 Ақкөл орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне тасымалдаудың схемасы
8 Ақкөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі
Ақкөл ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «23» сәуірдегі
№ А-4/118 қаулысына
4-қосымша
Ақкөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі
1 1. Ақкөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2 2. Тасымалдаушы білім беру ұйымы болып табылады.
3
3. Тасымалдаулар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.