О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Акмолинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Акмолинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-5/196
- Қабылданған күні
- 29.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2019 131289_404464.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19B0007167
- ЭКБ идентификаторы
- 131289
- Редакция идентификаторы
- 131289_404464
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:09
0 Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының тізбесі
Ақмола облысы әкімдігінің
2019 жылғы 29 сәуірдегі
№ А-5/196 қаулысына
қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының тізбесі
1
1. Ақмола облысы әкімдігінің «Өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзiмдерiн белгiлеу туралы» 2015 жылғы 29 мамырдағы № А-6/239 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4848 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 шілдеде жарияланды).
2
2. Ақмола облысы әкімдігінің «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2015 жылғы 26 тамыздағы № А-9/408 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4990 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 7 қазанда жарияланды).
3
3. Ақмола облысы әкімдігінің «Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № А-13/583 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5623 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда жарияланды).
4
4. Ақмола облысы әкімдігінің «Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 24 қарашадағы № А-12/546 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6203 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды).