Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил присвоения статуса «Центральная» областным, городов республиканского значения, столицы, городским и районным, городов областного значения библиотекам, ведущим формирование, хранение и предоставление пользователям библиотек универсальных собраний документов, осуществляющим организацию взаимоиспользования библиотечных ресурсов и оказывающим методическую помощь другим библиотекам, местными исполнительными органами соответствующей административно-территориальной единицы

Бұйрық · № 126 · қабылданған 03.05.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-131333/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил присвоения статуса «Центральная» областным, городов республиканского значения, столицы, городским и районным, городов областного значения библиотекам, ведущим формирование, хранение и предоставление пользователям библиотек универсальных собраний документов, осуществляющим организацию взаимоиспользования библиотечных ресурсов и оказывающим методическую помощь другим библиотекам, местными исполнительными органами соответствующей административно-территориальной единицы Қолданыста Бұйрық ·№ 126 ·03.05.2019
03.05.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил присвоения статуса «Центральная» областным, городов республиканского значения, столицы, городским и районным, городов областного значения библиотекам, ведущим формирование, хранение и предоставление пользователям библиотек универсальных собраний документов, осуществляющим организацию взаимоиспользования библиотечных ресурсов и оказывающим методическую помощь другим библиотекам, местными исполнительными органами соответствующей административно-территориальной единицы

Қолданыста Бұйрық ·№ 126 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил присвоения статуса «Центральная» областным, городов республиканского значения, столицы, городским и районным, городов областного значения библиотекам, ведущим формирование, хранение и предоставление пользователям библиотек универсальных собраний документов, осуществляющим организацию взаимоиспользования библиотечных ресурсов и оказывающим методическую помощь другим библиотекам, местными исполнительными органами соответствующей административно-территориальной единицы
Атауы (қаз.)
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кітапхана пайдаланушыларына беруді жүргізетін, кітапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кітапханаларға әдістемелік көмек көрсететін облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың кітапханаларына «Орталық» мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
126
Қабылданған күні
03.05.2019
Көрсетілген редакция
03.05.2019 131333_405826.kaz
Соңғы өзгеріс
03.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018641
ЭКБ идентификаторы
131333
Редакция идентификаторы
131333_405826
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:05

0

Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кітапхана пайдаланушыларына беруді жүргізетін, кітапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кітапханаларға әдістемелік көмек көрсететін облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың кітапханаларына «Орталық» мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қоса беріліп отырған Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кітапхана пайдаланушыларына беруді жүргізетін, кітапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кітапханаларға әдістемелік көмек көрсететін облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың кітапханаларына «Орталық» мәртебесін беру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгiленген тәртiпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кітапхана пайдаланушыларына беруді жүргізетін, кітапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кітапханаларға әдістемелік көмек көрсететін облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың кітапханаларына «Орталық» мәртебесін беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2019 жылғы 3 мамырдағы
№ 126 бұйрығымен
бекітілген
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кітапхана пайдаланушыларына беруді жүргізетін, кітапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кітапханаларға әдістемелік көмек көрсететін облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың кітапханаларына «Орталық» мәртебесін беру қағидалары

1

1. Осы қағидалар «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 21-бабының 2-1-тармағына сәйкес әзірленді және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кітапхана пайдаланушыларына беруді жүргізетін, кітапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кітапханаларға әдістемелік көмек көрсететін облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың кітапханаларына (бұдан әрі – мемлекеттік кітапхана) «Орталық» мәртебесін беру тәртібін айқындайды.

2 2. Мемлекеттік кітапханаларға «Орталық» мәртебесін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) береді.

3 3. «Орталық» мәртебесі:

1 1) қолданысында:

әмбебап сипаттағы кітапхана қоры;
мерзімді баспа басылымдары бар;

2 2) қызмет аясында:

кітапхана ісінің инновациясын анықтау, тарату және енгізу бойынша;
мемлекеттік кітапханаларына әдістемелік көмек көрсету бойынша;
мемлекеттік кітапхана кадрларының біліктілігін арттыру бойынша;
мемлекеттік кітапханалар пайдаланушыларының барлық санаттарына ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету бойынша;
ақпараттық ресурстарды өзара пайдалануды ұйымдастыру бойынша (құжаттарды электронды жеткізу, кітапханааралық абонемент, жиынтық электрондық каталогтар, электрондық ресурстар құру) қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кітапханаларға беріледі.

4 4. «Орталық» мәртебесін беру үшін мемлекеттік кітапхана басшысы жергілікті атқарушы органның қарауына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Орталық» мәртебесін беру туралы өтініш енгізеді.

Өтінішке кітапхана қызметінің сипаттамасы көрсетілген мынадай ақпараттар:
кітапхана қоры туралы мәліметтер;
пайдаланушылар туралы мәлімет;
кітапхана кадрларының біліктілігін арттыру туралы мәліметтер;
кітапхана ісінің инновациясын анықтау, тарату және енгізу, ақпараттық ресурстарды өзара пайдалануды ұйымдастыру туралы мәліметтер;
мемлекеттік кітапханаларына әдістемелік көмек көрсету және мемлекеттік кітапханалар пайдаланушыларының барлық санаттарына ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету бойынша мәліметтер қоса беріледі.

5 5. Жергілікті атқарушы орган құжаттар түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қарастырады және «Орталық» мәртебесін беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Жергілікті атқарушы орган қабылданған шешімді екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік кітапхананың басшысына жолдайды.

6 6. Мемлекеттік кітапханаға «Орталық» мәртебесін беруден бас тартуға мыналар негіз болады:

1 1) мемлекеттік кітапхананың осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

2 2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес емес нысан бойынша «Орталық» мәртебесін беру туралы өтінішті ұсыну;

3 3) осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген мәліметтерді толық емес көлемде ұсыну.

1 Өтініш

Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің
жергілікті атқарушы органдары
құжаттардың әмбебап жинақтарын
қалыптастыруды, сақтауды және
кітапхана пайдаланушыларына
беруді жүргізетін, кітапхана
ресурстарын өзара пайдалануды
ұйымдастыруды жүзеге асыратын
және басқа кітапханаларға әдістемелік
көмек көрсететін облыстық,
республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың, қалалық және аудандық,
облыстық маңызы бар қалалардың
кітапханаларына «Орталық»
мәртебесін беру қағидаларына
қосымша
Нысан
_______________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың
_______________________________
және астананың жергілікті атқарушы органы)
________________________________
________________________________
(мемлекеттік кітапханың атауы және
басшысының тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
Өтініш
____________________________________________________________________
(Мемлекеттік кітапхананың атауы)
____________________________________________________________________
(орналасқан жері)
«Орталық» мәртебесін беруді сұраймыз.
Өтініш берушінің қолы _______________ Дата __________________
Мөр орны (болған жағдайда)

Қолданыстағы