Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятии

Өзге акт · № 1 · қабылданған 13.05.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-131409/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятии Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 ·13.05.2019
27.09.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятии

Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятии
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
13.05.2019
Көрсетілген редакция
27.09.2019 131409_422758.kaz
Соңғы өзгеріс
27.09.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19NG008423
ЭКБ идентификаторы
131409
Редакция идентификаторы
131409_422758
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:00

0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 01-23/99 ұсынысы негізінде, Әулиекөл ауданы Қ. Тұрғымбаев ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қ. Тұрғымбаев ауылында Ермұханов Сайранхан Қабдыбекұлының жеке ауласы аумағындағы ірі қара малының құтыруы бойынша қолайсыз деп жариялануына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2

2. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Әулиекөл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

3 3. «Қ. Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау Министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау
комитетінің Қостанай облысы
қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Әулиекөл
аудандық қоғамдық денсаулық
сақтау басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________ Е. Ғ. Дуйсенов
2019 жылғы «13» мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетiнiң
Әулиекөл аудандық аумақтық
инспекциясы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________ А. Т. Тайшыбаев
2019 жылғы «13» мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________ С. Ж. Туралин
2019 жылғы «13» мамыр

Қолданыстағы