Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении кандидатам помещений для встреч с избирателями в Аксуском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении кандидатам помещений для встреч с избирателями в Аксуском районе
- Атауы (қаз.)
- Ақсу ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 193
- Қабылданған күні
- 14.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 14.05.2019 131412_404603.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19DD005130
- ЭКБ идентификаторы
- 131412
- Редакция идентификаторы
- 131412_404603
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:58
0 Ақсу ауданында үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындарды белгілеу және
кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін
үй-жайлар беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақсу аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Есжанов Газиз Отарбаевичке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Ақсу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы «14» мамыр «Ақсу ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және
кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» №193 қаулысына 1-қосымша
Ақсу ауданында үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындар
1 1. Ақсу ауылдық округі бойынша:
1 1) Ақсу ауылы, Күнғали көшесі, № 22, ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимараты жанындағы стенд;
2 2) Көкжайдақ ауылы, Орталық көшесі, № 1, ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимараты жанындағы стенд;
3 3) Шолақөзек ауылы, Талдыарық көшесіндегі № 12 үйдің жанындағы стенд.
2 2. Арасан ауылдық округі бойынша:
1 1) Арасан ауылы, Ғ. Мамбетов көшесі, № 25, мәдениет үйінің ғимараты жанындағы стенд;
2 2) Қызылжар ауылы, Қызылжар көшесі, № 20, фельдшерлік акушерлік пункті ғимараты жанындағы стенд.
3 3. Егінсу ауылдық округі бойынша:
1 1) Егінсу ауылы, С. Жақаев көшесі, № 7, медициналық пункті ғимараты жанындағы стенд.
4 4. Есеболатов ауылдық округі бойынша:
1 1) Есеболатов ауылы Алыбаев және Круценко көшелерінің қиылысындағы стенд;
2 2) Қызылқайың ауылы, Бұхар Жырау және Мәметова көшелерінің қиылысындағы стенд;
3 3) Таусамалы ауылы, Ғарышкер көшесі, № 1, Бұрыңғы жол жөндеу кәсіпорнының алдындағы стенд.
5 5. Жаңалық ауылдық округі бойынша:
1 1) Жаңалық ауылы, Д. Нұрғалиев және Ш. Бәтенов көшелерінің қиылысындағы стенд.
6 6. Қарасу ауылдық округі бойынша:
1 1) Кеңжыра ауылы, Әкімшілік көшесі, № 27, ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимараты жанындағы стенд;
2 2) Еңбек ауылы, М.Ермектасов көшесі, № 28, фельдшерлік акушерлік пункті ғимараты жанындағы стенд;
3 3) Тарас ауылы, Тәуке хан көшесі, № 23, фельдшерлік акушерлік пункті ғимараты жанындағы стенд.
7 7. Қаракөз ауылдық округі бойынша:
1 1) Қаракөз ауылы, Басқан көшесі, № 17, фельдшерлік акушерлік пункті ғимараты жанындағы стенд;
2 2) Кеңғарын ауылы, Е. Сиқымов көшесіндегі № 33 үйдің жанындағы стенд.
8 8. Қарашілік ауылдық округі бойынша:
1 1) Сағабүйен ауылы, Қ.Терібаев көшесі, № 18, ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимараты жанындағы стенд;
2 2) Қарашілік ауылы, Н. Қастекбаев көшесі, № 6, фельдшерлік акушерлік пункті ғимараты жанындағы стенд.
9 9. Қапал ауылдық округі бойынша:
1 1) Қапал ауылы, Т. Бигельдиев көшесі, № 9, Е. Жайсанбаев атындағы орта мектеп ғимараты жанындағы стенд;
2 2) Қапал ауылы, Ғ. Орманов көшесі, № 1, Ғ. Орманов атындағы орта мектеп ғимараты жанындағы стенд;
3 3) Қапал ауылы, О. Жандосов көшесі, № 1, Қапал ауылдық ауруханасының жанындағы стенд.
10 10. Көшкентал ауылдық округі бойынша:
1 1) Көшкентал ауылы, Н. Түшкенов көшесі, № 1, Көшкентал орта мектебі ғимараты жанындағы стенд;
2 2) Көлтабан ауылы, Орталық көшесі, № 15 «Б», фельдшерлік акушерлік пункті ғимараты жанындағы стенд.
11 11. Барлыбек Сырттанов ауылдық округі бойынша:
1 1) Барлыбек Сырттанов ауылы, Мамырбеков көшесінің бойындағы стенд;
2 2) Копа ауылы, Алтай және Қазақстан көшелерінің қиылысындағы стенд.
12 12. Қызылағаш ауылдық округі бойынша:
1 1) Қызылағаш ауылы, Жастар көшесі, № 27, Қызылағаш ауылының «Казпочта» ғимараты жанындағы стенд.
2 2) Ақтоған ауылы, Қараторғай көшесінің бойындағы фельдшерлік акушерлік пункті ғимараты жанындағы стенд.
13 13. Матай ауылдық округі бойынша:
1 1) Матай ауылы, М. Тынышбаев көшесі, № 31, Матай ауылдық ауруханасы ғимараты жанындағы стенд;
2 2) Матай ауылы, Б.Нүрпеисов көшесі, № 32, «Кәусар» балабақшасы ғимараты жанындағы стенд;
3 3) Құрақсу ауылы, Орталық көшесі, № 19, ауылдық фельдшерлік пункті ғимаратының жанындағы стенд.
14 14. Молалы ауылдық округі бойынша:
1 1) Молалы ауылы, Құрманғазы көшесі, № 12, Молалы ауылдық мәдениет үйі ғимараты жанындағы стенд;
2 2) Алажиде станциясы, Абай және О. Бөкей көшелерінің қиылысындағы фельдшерлік акушерлік пункті ғимараты жанындағы стенд.
15 15. Ойтоған ауылдық округі бойынша:
1 1) Ойтоған ауылы, Мәдіқожа және Чукенов көшелерінің қиылысындағы фельдшерлік акушерлік пункті ғимараты жанындағы стенд.
16 16. Суықсай ауылдық округі бойынша:
1 1) Суықсай ауылы, Жақсылық көшесі, № 22, ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимараты жанындағы стенд;
2 2) Ащыбұлақ ауылы, Д. Бейсенбаев көшесі, № 13, Ащыбұлақ клубының ғимараты жанындағы стенд;
3 3) Баласаз ауылы, Баласаз көшесі, № 8, Баласаз фельдшерлік пункті ғимараты жанындағы стенд;
4 4) Ақтөбе ауылы, Ақтөбе көшесі, № 5, Ақтөбе фельдшерлік пункті ғимараты жанындағы стенд.
17 17. Жансүгіров ауылдық округі бойынша:
1 1) Жансүгіров ауылы, Б. Жидебаев және О. Жұмашев көшелерінің қиылысындағы стенд;
2 2) Жансүгіров ауылы, Ғ. Мұратбаев және Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы стенд;
3 3) Жансүгіров ауылы, Қабанбай батыр және Ілияс Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы стенд;
4 4) Алтынарық ауылы, Қ. Терібаев көшесінің бойындағы стенд;
5 5) Көкөзек ауылы, Қ. Терібаев атындағы мәдениет үйінің жанындағы стенд.
64 Ақсу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы «14» мамыр «Ақсу ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және
кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» № 193 қаулысына 2- қосымша
Ақсу ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарт негізінде
кандидаттарға берілетін үй-жайлар