Құжат мәтініне өту

Об установлении категории автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) по городу Семей

Өзге акт · № 37/257-VI · қабылданған 22.04.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-131415/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
Об установлении категории автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) по городу Семей Күшін жойған Өзге акт ·№ 37/257-VI ·22.04.2019
28.06.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении категории автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) по городу Семей

Күшін жойған Өзге акт ·№ 37/257-VI · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении категории автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) по городу Семей
Атауы (қаз.)
Семей қаласы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
37/257-VI
Қабылданған күні
22.04.2019
Көрсетілген редакция
28.06.2024 131415_713958.kaz
Соңғы өзгеріс
28.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19VB005931
ЭКБ идентификаторы
131415
Редакция идентификаторы
131415_713958
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:16

0 Семей қаласы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық

салықтық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 505-бабына, 509-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының
1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Семей қаласы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2

2. Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемесі бойынша салық салынатын Семей қаласы бойынша автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлер үшін базалық салықтық мөлшерлемесі автотұрақтардың (паркингтердің) санатына байланысты осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес ұлғайтылсын.

3 3. Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген басқа санаттардағы жерлерге салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелері қолданылатын жақын орналасқан елді мекен болып Семей қаласы айқындалсын.

4 4. Семей қаласы мәслихатының 2011 жылғы 24 маусымдағы № 38/260-ІV «Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкалары туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 27 шілдедегі № 5-2-146 болып тіркелген, 2011 жылғы

6 қыркүйектегі № 62 «Семей Таңы» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Автотұрақтар (паркингтер) санаттары

2019 жылғы 22 сәуірдегі
№ 37/257-VI шешiмге
1-қосымша
Автотұрақтар (паркингтер) санаттары
№№
Автотұрақтар (паркингтер) түрлері
Санаттар
1.
Жабық үлгідегі жерүсті автотұрақтар (паркингтерге), ашық үлгідегі автотұрақтар (паркингтерге)
1-санат
2.
Өзге мақсаттағы ғимараттарға жапсарлай салынған автотұрақтар (паркингтерге), өзге мақсаттағы ғимараттарға кіріктірілген автотұрақтар (паркингтерге)
2-санат
3.
Ғимараттардың астында жерасты, жертөле, цоколь немесе жерүсті төменгі қабаттарда орналасқан автотұрақтар (паркингтерге)
3-санат

7 Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері

2019 жылғы 22 сәуірдегі
№ 37/257-VI шешiмге
2-қосымша
Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері
№№
Автотұрақтар (паркингтер) санаттары
Алаңның бір шаршы метріне есептегенде автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге)
Базалық мөлшерлемелердің ұлғаюы
1.
1-санат
8,20
10 есе
2.
2-санат
8,20
9 есе
3.
3-санат
8,20
8 есе

Қолданыстағы