Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандарға, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленген мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 49
- Қабылданған күні
- 18.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2025 131424_755731.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19NE008411
- ЭКБ идентификаторы
- 131424
- Редакция идентификаторы
- 131424_755731
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:18
0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 2015 жылғы 23 қарашадағы 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2 2. Алтынсарин ауданы келесі қаулыларының:
Алтынсарин ауданы әкімдігінің «Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерінің кешінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 65 қаулысы (2016 жылғы 24 маусымда «Таза бұлақ-Чистый родник» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6381 болып тіркелген);
Алтынсарин ауданы әкімдігінің «Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 65 «Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерінің кешінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 6 маусымдағы № 156 қаулысы (2017 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7109 болып тіркелген) күштері жойылған деп танылсын.
3 3. «Алтынсарин ауданының әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) әділет органында осы қаулының аумақтық мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде, оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде енгізу үшін жіберілуін;
3 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етілсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтынсарин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдарының тiзбесi
Әкімдіқтің
2019 жылғы 18 cәуірдегі
№ 49 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдарының тiзбесi