Кіру
Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута акционерному обществу «Казахтелеком»

Қаулы · № 76 · қабылданған 13.05.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-131454/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута акционерному обществу «Казахтелеком» Күшін жойған Қаулы ·№ 76 ·13.05.2019
27.06.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута акционерному обществу «Казахтелеком»

Күшін жойған Қаулы ·№ 76 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута акционерному обществу «Казахтелеком»
Атауы (қаз.)
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
76
Қабылданған күні
13.05.2019
Көрсетілген редакция
27.06.2023 131454_640258.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19NH008430
ЭКБ идентификаторы
131454
Редакция идентификаторы
131454_640258
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:00

0 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Денисов ауданының аумағында орналасқан жалпы көлемi 22,3787 гектар және 7,6302 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

2. «Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы