Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов на территории города Туркестан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов на территории города Туркестан
- Атауы (қаз.)
- Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 532
- Қабылданған күні
- 08.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 14.02.2023 131463_620046.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.02.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19UD005043
- ЭКБ идентификаторы
- 131463
- Редакция идентификаторы
- 131463_620046
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:01
0 Түркістан қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. Түркістан қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 24 ақпандағы №41 «Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14-4-93 тіркелген, 2011 жылы 11 наурызда «Түркістан» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының жетекшісі Қ.Мылтықбековке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Түркістан қалалық
сайлау комиссияның төрағасы:
С.Арысбеков
«4» мамыр 2019 жыл.
5 Түркістан қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
Түркістан қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 08 мамырдағы
№ 532 қаулысына 1 қосымша
Түркістан қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
№
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
1
Қазыбек би көшесі, «Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігі» Түркістан қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы ғимаратының оң жағында
2
Мұхаметжан Тыныштықұлов көшесі, Яссы базарына қарама-қарсы
3
Түркістан айналма тас жолы, Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Түркістан қалалық емханасы» ғимаратына қарама-қарсы
4
Бекзат Саттарханов даңғылы, «Шайхислам» жастар орталығының оң жағында
5
Бекзат Саттарханов даңғылы, «Дастархан» сауда үйінің сол жағында
6
Қазыбек би көшесі, «Астана» мейрамханасының оң жағында
7
Тәуке хан даңғылы №245 үй, Түркістан облыстық мамандандырылған соттары ғимаратының оң жағында
8
Тәуке хан даңғылы, «Мерей» автобекетінің сол жағында
9
Ораз Жандосов көшесі, «МИГ» жанар-жағар май бекетінің сол жағында
10
Әуежай тас жолының бойында оң және сол жағында
6 Түркістан қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 8 мамырдағы
№ 532 қаулысының
2 қосымшасы
Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі