О признании утратившими силу некоторых приказов Министерства образования и науки Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых приказов Министерства образования и науки Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 203
- Қабылданған күні
- 13.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 13.05.2019 131466_406331.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900018671
- ЭКБ идентификаторы
- 131466
- Редакция идентификаторы
- 131466_406331
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:59
0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3 3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4 4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыповаға жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 13 мамырдағы
№ 203 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1
1. «Қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қажеттіліктің ең аз деңгейiн есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 10 тамыздағы № 361 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7920 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 729-734 (27806) санында жарияланған);
2
2. «Оқытуға жататын персоналдың жалпы санына пайызбен алғандағы қазақстандық кадрлардың ең аз санын есептеу және құзыреттi органға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс талаптарына қосу үшiн қазақстандық кадрлардың ең аз санын табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 10 тамыздағы № 362 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7921 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 729-734 (27806) санында жарияланған);
3
3. «Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы көзделген, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын жоғары білім мамандықтарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 19 мамырдағы № 229 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15235 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 28 маусымда жарияланған).