Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий на территории улицы Айтеке би в населенном пункте Теспе сельского округа Буржар

Өзге акт · № 78 · қабылданған 08.05.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-131470/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий на территории улицы Айтеке би в населенном пункте Теспе сельского округа Буржар Күшін жойған Өзге акт ·№ 78 ·08.05.2019
19.08.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий на территории улицы Айтеке би в населенном пункте Теспе сельского округа Буржар

Күшін жойған Өзге акт ·№ 78 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий на территории улицы Айтеке би в населенном пункте Теспе сельского округа Буржар
Атауы (қаз.)
Бөржар ауылдық округіне қарасты Теспе елді мекені Әйтеке би көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
78
Қабылданған күні
08.05.2019
Көрсетілген редакция
19.08.2019 131470_419611.kaz
Соңғы өзгеріс
19.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19UHC05046
ЭКБ идентификаторы
131470
Редакция идентификаторы
131470_419611
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:02

0 Бөржар ауылдық округіне қарасты

Теспе елді мекені Әйтеке би
көшесінің аумағына шектеу
іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ордабасы аудандық аумақтық инспекция басшысының 2019 жылғы 24 сәуірдегі №02-05/95 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Бөржар ауыл округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Бөржар ауылдық округі, Теспе елді мекеніне қарасты Әйтеке би көшесі тұрғынының ауласында 1 (бір) мал табынының арасынан бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2 2. «Бөржар ауыл округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3 3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Ордабасы ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануға жолданылуын;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Бөржар ауыл округі әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы