Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О теплоснабжении многоэтажных жилых домов пос. Верх-Березовка, Опытное поле, Алтайский и бюджетной сферы Глубоковского района

Өзге акт · № 584 · қабылданған 17.09.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-1315/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О теплоснабжении многоэтажных жилых домов пос. Верх-Березовка, Опытное поле, Алтайский и бюджетной сферы Глубоковского района Күшін жойған 17.09.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О теплоснабжении многоэтажных жилых домов пос. Верх-Березовка, Опытное поле, Алтайский и бюджетной сферы Глубоковского района

Күшін жойған Өзге акт № 584 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О теплоснабжении многоэтажных жилых домов пос. Верх-Березовка, Опытное поле, Алтайский и бюджетной сферы Глубоковского района
Атауы (қаз.)
Глубокое ауданының Верх-Березовка, Опытное поле, Алтайский кенттерінің және бюджеттік саласының көпқабатты үйлерін жылумен жабдықтау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
584
Қабылданған күні
17.09.1998
Көрсетілген редакция
17.09.1998 1315_259292.kaz
Соңғы өзгеріс
17.09.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98V0000092
ЭКБ идентификаторы
1315
Редакция идентификаторы
1315_259292
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:32
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.09.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Глубокое ауданының Верх-Березовка, Опытное поле, Алтайский кенттерінің және бюджеттік саласының көпқабатты үйлерін жылумен жабдықтау туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі № 100 шешімімен.
Глубокое ауданының Верх-Березовка, Опытное поле, Алтайский кенттерiнiң және бюджеттiк ұйымдарының көпқабатты тұрғын үйлерiн жылу қуатымен қамтамасыз ету мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:

1. Глубокое ауданының әкiмi М.Ә.Әкiрамов аудан бюджетiнiң кепiлiмен лизингтiк негiзде автономдық жылу беру жүйелерiн қойғызу үшiн "Керуен" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiмен келiсiм-шарт жасассын.

2. Облыстық құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жабдықтарды жеткiзудi қамтамасыз етсiн, құрылыс-монтаж жұмыстарын ұйымдастырсын, пайдалануға беру мерзiмдерiн айқындасын.

3. Аудан әкiмi:

1) жалпы сметалық құнына байланысты ақшалай қаражаттарды қайтарудың шарттары және мерзiмдерi туралы пәтер иелерiмен түсiнiк жұмысын жүргiзсiн;

2) қаражаттарды қайтару механизмiн әзiрлесiн, ақшалай қаражаттар жинауға арналған арнаулы шоттар ашсын және оларды кестеге сәйкес жабдықтау және қондыру жұмысы үшiн ай сайын ақы төлеу кезiнде пайдалансын;

3) тұрғын үй жәрдемақылары есебiнен тұрмысы төмен жанұяларға және халықтың жеңiлдiкпен пайдаланатын санатына ақы төлеу мәселесiн шешсiн;

4) тұрғындардың жүйенi жөндеуге және жалпықұрылыстық жұмыстарға қатысулары арқылы қазандықтарды қондыру жұмысының сметалық құнын арзандату жөнiнде шаралар қолдансын.

4. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, облыстық басқармалар мен департаменттердiң бастықтары 1999 жылға және одан кейiнгi жылдарға арналған осындай схема бойынша бюджеттiк ұйымдарда және тұрғын үй қорында жылу берудiң автономды жүйелерiн қондыру мәселесiн зерттесiн және ұсыныстар енгiзсiн.

5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Н.Л.Никитинге жүктелсiн.