Құжат мәтініне өту

Вопросы Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан

Қаулы · № 996 · қабылданған 11.09.2002
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-13150/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Вопросы Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 996 ·11.09.2002
05.08.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Вопросы Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 996 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Вопросы Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Индуcтрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
996
Қабылданған күні
11.09.2002
Көрсетілген редакция
05.08.2013 AI13150_32.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P020000996_
ЭКБ идентификаторы
13150
Редакция идентификаторы
AI13150_32
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:50

0 Қазақстан Республикасы Индуcтрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi

📌 Ескерту. ҚР Үкіметінің 2002.09.12 N 996 қаулысының 1-тармақтың 3) тармақшасын және 3-тармақты қоспағанда күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N 871 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына (бұдан әрi - Жарлық) сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1 1. Қоса берiлiп отырған:

1 1)-2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.08.24 N 871 Қаулысымен.

3 3) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу бекiтiлсiн.

2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.08.24 N 871 Қаулысымен.

3 3. Мыналар құрылсын:

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Сауда комитетi;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi комитетi;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетi;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Құрылыс iстерi жөнiндегі комитетi;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi.
📌 Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.05.20. N 467 қаулысымен.

4-8 4-8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.08.24 N 871 Қаулысымен.

7 Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі туралы ереже

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 12 қыркүйектегi
N 996 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі туралы ереже
📌 Ескерту. Ереженің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.08.24 N 871 Қаулысымен.

8 Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 12 қыркүйектегi
N 996 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi
📌 Ескерту. Тізбенің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.08.24 N 871 Қаулысымен.

9 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 12 қыркүйектегi
N 996 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне" бөлiмiнде:
реттiк нөмiрлерi 14, 15, 20, 23, 24, 35-жолдар алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi" бөлiмi және реттiк нөмiрi 227-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiне" бөлiмiнде:
тақырыпта "Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 236-1, 236-2, 236-3, 236-4, 236-5, 236-6, 237-7, 236-8, 236-9, 236-10-жолдармен толықтырылсын:
"236-1         АЛА-001308             "ҚазтүстiметҒЗЖИ" ААҚ
236-2          АЛА-002060             "Иналмасалтын" ААҚ
236-3          АЛА-002423             "Қазақстан Республикасының
                                      Радио электроника және
                                      байланыс жөнiндегi ұлттық
                                      орталығы" ААҚ
236-4          BKO-000025             "Өскемен титан-магний
                                      комбинаты" ААҚ
236-5          BKO-002456             "Қазмырыш" ААҚ
236-6          МНГ-000527             "Каскор АК" ААҚ
236-7                                 "Инвестицияларға
                                      жәрдемдесудiң қазақстандық
                                      орталығы" ЖАҚ
236-8                                 "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту
                                      қоры" ЖАҚ
236-9                                 "Шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi
                                      республикалық ақпараттық-
                                      көрме орталығы" ЖАҚ
236-10                                "Қазақжарылыс өнеркәсiбi" ЖАҚ;
"Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетiне" бөлiмiнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiне";
"Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi" бөлiмiнде, реттiк нөмiрi 239-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi" бөлiмiнiң тақырыбында "Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын.
3. "Шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық ақпараттық-көрме орталығы жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 17 қазандағы N 1543 қаулысына:
4-тармақтың үшiншi абзацында және 6-тармақта "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттігiне", "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне", "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1105 қаулысымен.
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.01. N 314 қаулысымен.

Қолданыстағы