Құжат мәтініне өту

Об утверждении предельных цен оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке Республики Казахстан

Бұйрық · № 169 · қабылданған 13.05.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-131521/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении предельных цен оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 169 ·13.05.2019
10.04.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении предельных цен оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 169 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении предельных цен оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
169
Қабылданған күні
13.05.2019
Көрсетілген редакция
10.04.2020 131521_456831.kaz
Соңғы өзгеріс
10.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018684
ЭКБ идентификаторы
131521
Редакция идентификаторы
131521_456831
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:59

0 Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы

«Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2019 жылғы 1 шілдеден бастап 2020 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

9 Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2019 жылғы 1 шілдеден бастап 2020 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2019 жылғы 13 мамырдағы
№ 169 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2019 жылғы 1 шілдеден бастап 2020 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары
Р/с

Өңір
Қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен
1.
Алматы қаласы
19 405 (он тоғыз мың төрт жүз бес)
2.
Алматы облысы
19 405 (он тоғыз мың төрт жүз бес)
3.
Шымкент қаласы
20 819 (жиырма мың сегіз жүз он тоғыз)
4.
Түркістан облысы
20 819 (жиырма мың сегіз жүз он тоғыз)
5.
Жамбыл облысы
18 775 (он сегіз мың жеті жүз жетпіс бес)
6.
Қызылорда облысы
7 268 (жеті мың екі жүз алпыс сегіз)
7.
Батыс Қазақстан облысы
10 541 (он мың бес жүз қырық бір)
8.
Ақтөбе облысы
5 574 (бес мың бес жүз жетпіс төрт)
9.
Атырау облысы
6 340 (алты мың үш жүз қырық)
10.
Қостанай облысы
17 305 (он жеті мың үш жүз бес)
11.
Шығыс Қазақстан облысы
7 563 (жеті мың бес жүз алпыс үш)
12.
Маңғыстау облысы
12 552 (он екі мың бес жүз елу екі)
13.
Нұр-Сұл­тан қа­ла­сы
26 001 (жиыр­ма ал­ты мың бір)
14.
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы
26 001 (жиыр­ма ал­ты мың бір)
15.
Ақ­мо­ла об­лы­сы
26 001 (жиыр­ма ал­ты мың бір)

Қолданыстағы