Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута акционерному обществу «Казахтелеком»

Қаулы · № 88 · қабылданған 15.05.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-131528/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута акционерному обществу «Казахтелеком» Күшін жойған Қаулы ·№ 88 ·15.05.2019
17.08.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута акционерному обществу «Казахтелеком»

Күшін жойған Қаулы ·№ 88 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута акционерному обществу «Казахтелеком»
Атауы (қаз.)
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
88
Қабылданған күні
15.05.2019
Көрсетілген редакция
17.08.2021 131528_535686.kaz
Соңғы өзгеріс
17.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19NM008439
ЭКБ идентификаторы
131528
Редакция идентификаторы
131528_535686
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:57

0 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Қарасу ауданының аумағында орналасқан жалпы көлемі 16,3806 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы