Құжат мәтініне өту

Об изменении границ населенных пунктов по городу Кентау

Қаулы · № 266 · қабылданған 26.04.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-131530/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об изменении границ населенных пунктов по городу Кентау Қолданыста Қаулы ·№ 266 ·26.04.2019
26.04.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об изменении границ населенных пунктов по городу Кентау

Қолданыста Қаулы ·№ 266 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изменении границ населенных пунктов по городу Кентау
Атауы (қаз.)
Кентау қаласы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
266
Қабылданған күні
26.04.2019
Көрсетілген редакция
26.04.2019 131530_405386.kaz
Соңғы өзгеріс
26.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19UC005026
ЭКБ идентификаторы
131530
Редакция идентификаторы
131530_405386
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:11

0 Кентау қаласы бойынша

елді мекендердің шекараларын
өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі және Кентау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, шекаралары өзгертілсін:

1 1) Иассы ауыл округіне қарасты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден 233,89 га және Шаға ауыл округіне қарасты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден 41,25 га жер учаскелері Хантағы ауылы елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, Хантағы ауылы, Хантағы елді мекенінің жалпы ауданы 581,83 гектар;

2 2) Шаға ауыл округіне қарасты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден 22 га жер учаскесі Шоқтас саяжай кооперативінің шегіне енгізіле отырып, Шоқтас саяжай кооперативінің жалпы ауданы 225,465 гектар;

3 3) Ескі Иқан ауыл округіне қарасты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден 877,44 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Ескі Иқан ауыл округі, Ескі Иқан елді мекенінің жалпы ауданы 2033,03 гектар;

4 4) Қарнақ ауылына қарасты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден 183,7 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қарнақ ауылы, Қарнақ елді мекенінің жалпы ауданы 2154,96 гектар;

5 5) Шаға ауыл округіне қарасты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден 673 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Шаға ауыл округі, Қазақстанның ХХХ жылдығы елді мекенінің жалпы ауданы 1315 гектарвболыпвөзгертілсін.

2 2. «Кентау қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3 3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Кентау қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Кентау қалалық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы