Об уменьшении территории Жусандалинской государственной природной заповедной зоны республиканского значения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об уменьшении территории Жусандалинской государственной природной заповедной зоны республиканского значения
- Атауы (қаз.)
- Республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік табиғи қорығы аймағының аумағын кішірейту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 282
- Қабылданған күні
- 14.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 14.05.2019 131558_406386.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1900000282
- ЭКБ идентификаторы
- 131558
- Редакция идентификаторы
- 131558_406386
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:58
0 Республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік табиғи қорығы аймағының аумағын кішірейту туралы
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік табиғи қорығы аймағының аумағы (бұдан әрі – қорық аймағы) 491,32 гектарға кішірейтілсін.
2 2. Жамбыл және Алматы облыстарының әкімдіктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Мерке-Бурылбайтал» және «Күрті-Бурылбайтал» жол учаскелерін реконструкциялау үшін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелері аумағының кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру үшін берілуін;
2 2) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғалармен (келісу бойынша) бірлесіп осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес жұмыстар жүргізу кезінде арнайы экологиялық талаптардың сақталуын;
3 3) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жер учаскелеріне рекультивация жүргізе отырып, жер учаскелерінің қорық аймағының құрамына қайтарылуын қамтамасыз етсін.
3 3. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 42-43, 290-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:
«Жамбыл облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 53-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
53
Жусандала мемлекеттік қорық аймағы
2757008,68
Алматы облысының Балқаш, Іле,
Жамбыл аудандары; Жамбыл облысының Қордай, Шу
және Мойынқұм аудандары
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
».