О создании Координационного Совета при Акимате Алматинской области Күшін жойған
Басқа 0
Алматы облысы әкімдігінің жанындағы Үйлестіру Кеңесін құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 02.06.2004 № 6-58 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20-сәуірдегі «Қылмысқа қарсы күрес жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» № 377 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31-қазандағы «Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қарсы күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарлама туралы» № 1641 Қаулысына сәйкес облыс Әкімі ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Алматы облысы әкімдігінің жанынан Үйлестіру Кеңесі құрылсын.
Тармақ 2
2. Үйлестіру Кеңесінің құрамы бекітілсін (№ 1 қосымша).
Тармақ 3
3. Үйлестіру Кеңесі туралы Ереже (№ 2 қосымша) және аумақтық ішкі істер органдарының мемлекеттік емес күзет қызметі субъектілерімен өзара іскер байланысы жөніндегі Нұсқаулық (№ 3 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 4
4. Аудандар мен қалалардың әкімдері осы шешімді жүзеге асыруға бағытталған шаралар қабылдауын және бұл мәселеге байланысты ай сайын ақпарат тапсырып тұрсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В. Долженкавқа жүктелсін.
Басқа 6. Үйлестіру Қеңесінің мүшелері:
Облыс Әкімінің
2002 ж. шілде «19»
№ 7-179 шешіміне
№ 1 қосымша
Үйлестіру Кеңесінің құрамы
Төраға:
Облыс Әкімінің
бірінші орынбасары
-В. Долженков
Төрағанын орынбасары:
ІІББ-сы бастығының қызмет жөніндегі
орынбасары, полиция полковнигі
-Ш. Аюбаев
Комиссиянын хатшысы:
Мемлекеттік күзет қызметі
бөлімінің бастығы, полиция полковнигі
-Қ. Мұқанов
Үйлестіру Қеңесінің мүшелері:
1 .Голдобин А, полиция полковнигі-Криминалдық полиция басқармасының бастығы;
Тармақ 2
2. Назарбаев Г, полиция полковнигі - Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау басқармасының бастығы;
Тармақ 3
3. Шегебаев С, полиция майоры-Мамандандырылған күзет
қызметі басқармасының бастығы, полиция майоры;
Тармақ 4
4. Асқар Б -облыс прокурорының бірінші орынбасары, (келісімі бойынша);
Тармақ 5
5. Алмабеков М - облыс Әкімінің кеңесшісі;
Мемлекеттік органнын өкілі
6.Төлегенов Б - Әділет басқармасы бастығының
орынбасары мемлекеттік органның өкілі, (келісімі бойынша);
Мемлекеттік емес ұйымынын және күзетшілерді дайындау, сондай-ақ қайта дайындау жөніндегі арнайы оқу орнының басшылары
Тармақ 7
7. Шайнин К-«Намыс-Секьюрити» ЖШС-ң басшысы,(келісімі бойынша);
Тармақ 8
8. Мылтықбаев А - «Валют-Транзит- Секьюрити» ЖШС-ң басшысы, (келісімі бойынша).
Басқа 13
Облыс Әкімінің
2002 ж. шілде «19»
№ 7-179 шешіміне
№ 2 қосымша
Мемлекеттік емес күзет субъектілерімен Аумактық Ішкі істер органдарынын өзара байланысы туралы
НҰСҚАУ
Тармақ 1
1. Осы нұсқау аймақтық ішкі істер органдарының мемлекеттік емес күзет ұйымдарымен өзара байланысын анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы нұсқауда ескерілген ұйымдастыру және практикалық шаралар аймақтық ішкі істер органдарын Алматы облысы аумағындағы мемлекеттік емес күзет ұйымдарымен өзара байланыстыруға және олардың ұйлестіруге бағытталған;
Тармақ 3
3. Күзет қызметі субъектілері күзететін елді-мекендерде, объектілерде, (соның ішінде барлар, дискотекалар,көкөніс және өнеркәсіп товарлары базарларында және т.т.) сондай-ак олардың айналасында қоғамдық тәртіптің сақталуын және қауіпсіздікті қамтмасыз етуге бағытталған күзет қызметі субъектілерінің іс-әрекеттерін ұйлестіру мақсатында криминалдық полиция, коғамдық қауіпсіздік басқармалары және ОГСО ұйымдастыру және профилактикалық шаралар өткізеді.
Криминалдық полиция басқармасы тарапынан:
- мемлекеттік емес күзет ұйымдарының кызмет саласына криминалдық құрылымдардың ену әрекеттерін тиюға бағытталған жұмыстарды (арнайы есепке алу бойынша күзетші лауазымына кандидаттарды тексеру) мемлекеттік емескүзет ұйымдарымен бірлесе отырып үйлестіру жолдарын анықтау;
- қылмыс жасағандарды және хабарсыз кеткендерді іздеу жұмысына көмек көрсету мақсатында күзет кызметі субъектілерінің басшыларын бұл жөнінде хабардар етіп отыру;
- күзет қызметі субъектілеріне кылмыс жасағандарды және хабарсыз кеткендерді іздестіруде акпараттық көмек көрсету;
-қылмыстың жекелеген түрлерінен (нашақорлық пен қару-жарактың заңсыз айналымы, контрабанда, тонау және ұрлық, біреулердің мүлкін ұрлау, автокөлік құралдарын заңсыз иемдену) олардың алдын-алуда және (ұйымдасқан әсіресе азаматтардың көп жиналған жерлеріндегі (сауда орталықтары, базарлар, дискотекалар) қылмысқа қарсы құресте күзет қызметі субъектілеріне акпараттық көмек көрсету;
Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы тарапынан:
- күзет қызметі субъектілерінің жұмысындағы кемшіліктер мен олқылықтарды жоюға бағытталған, ІІБ-і рұқсат беру бірлескен қызметімен бірлескен жұмысының әдіс-тәсілдерін жетілдіру;
- күзетілетін объектілердің аумағына жақын орналаскан әсерлерде мемлекеттік емес күзет ұйымдарының коғамдық тәртіптің сақтауын және құқық бұзушылықтың алдын алуды қамтамасыз етудегі мүмкіндіктерін пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру;
- көпшілік шараларын өткізу кезінде (оларға қатысушылар немесе олардың өткізілуін ұйымдастырушылар тікелей олардың құрылтайшылары немесе олар күзететін шаруашылық субъектілері болған жағдайда) мемлекеттік емес күзет ұйымдарының және қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің ІІБ-мен бірлескен патрульдеу шарасын ұйымдастыру;
-қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау саласында өзара іскер байланысты нығайтуға және ақпарат алмасуға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу мен жүзеге асыру, күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілердің арасында құқық бұзушылармен құрес жөніндегі ескертулерді қолдану.
Мемлекеттік күзет қызметі тарапынан:
Күзет қызметі саласындагы кәсіби және қоғамдық мәні бар көкейтесті проблемалар бойынша әдістемелік және консультативтік көмек көрсету (қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық аткілермен, оларға енгізілген өзгертулер және толыктырулармен, келісім шарттардың нысандары және үлгілерімен, объектілерді күзетке қабылдап алу тәртібімен және т.т. танысу);
-күзет кызметін жүзеге асырушы субъектілердің жұмысында кемшіліктер мен олқылыктарға жол бермеуге және орын алғандарын жоюға бағытталған бірлесіп істейтін жұмыстың нысандары мен әдістерін жетілдіру;
-күзет кызметін қамтамасыз етудегі бірлескен өзара іскер байланысты нығайтуға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру (күзетілетін объектілер мен пәтерлерді қауіпсіздік жүйесінің казіргі үлгілерімен жабдықтау және ІІБ-ң жанындағы ПЦН-ға қосу, аралауға келмейтін стационарлық постыларды ПЦН-ға немесе ІІБ-ң кезекші бөліміне шығатын қауіп-қатер сигнализациясынын кнопкасымен жабдықтау, күзетілетін пәтерлерден келіп түскен «Дабыл» сигналына Алматы облысы УССО бөлімшелерінің шұғыл түрде жауап беруі жөніндегі шартқа отыру, жабдықталған қауіпсіздік желілерін пайдалануға қабылдап алу жөніндегі комиссияға катысу);
- ҚР ІІМ-ң жыл сайынғы бюллетенінде белгіленген ҚР аумағында жеке күзетшілер, жеке күзет ұйымдарының, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың күзет бөлімшелерінің, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшелерінің пайдалануына рұқсат берілген арнайы қорғану және арнайы техникалық-құралдар тізбесімен таныстыру.
Тармақ 4
4. Аумактық ІІБ-ң басшылары қылмыстың алдын алуда және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде мемлекеттік емес күзет бөлімшелерінің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға бағытталған шараларды өткізуді жоспарласын.
Басқа 18
Облыс Әкімінің
2002 ж. шілде «19»
№ 7-179 шешіміне
№ 2 қосымша
Алматы облысынын аумағында аумақтык ішкі істер органдарынын күзет қызметі субъектілерімен өзара іскер байланысын қамтамасыз ету жөніндегі Алматы облысы әкімдігініц жанындағы Үйлестіру Кеңесі туралы
Е Р Е Ж Е
Тарау i. I. Жалпы Ережелер
I. Жалпы Ережелер
Тармақ 1
1. Алматы облысы әкімдігінің жанындағы үйлестіру Кеңесі (кейін- Кеңес) аумақтық прицип бойынша аймақтық деңгейде күзет кызметі субъектілерімен өзара іскер байланысты үйлестіру мен ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүіктелген міндеттерді орындауға байланысты мемлекеттік органдарға көмек көрсететін консультативтік, тұрақты түрде жұмыс істейтін орган.
Тармақ 2
2. Кеңес Алматы облысы Әкімінің шешімімен құрылады, қайта
құрылады және таратылады.
Кеңестің жұмысына ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсететіндер:
-Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
-Алматы облысының ІШБ-сы - тікелей;
Тармақ 3
3. Кеңес төрағасы бсшып Әкімнің орынбасары немесе ПББ-ы
бастығынын қызмет жөніндегі орынбасары тағайындалады.
Тармақ 4
4. Кеңестің құрамына криминалдық полиция және коғамдық кауіпсіздік басқармалары, мемлекеттік күзет қызметі бөлімі басшыларының құрамы, облыстық және Талдыкорған каласы әкімдіктерінің қызметкерлері, басқа мемлекеттік органдардың өкілдері, мемлекеттік емес күзет ұйымдарының сондай-ақ күзетшілерді дайындау және қайта дайындау жөніндегі арнайы оку орталықтарының басшылары кіреді.
Тармақ 5
5. Кеңес қызметі оның мәжілістерінде бекітілетін жоспарлардың негізінде құрылады.
Кеңес қкзет кызметі субъектілерінің жұмысын жоспарлауды ұйымдастыруда және олардын тиімді әдістері мен қызметін үйлестіру тәртібін сонымен қатар олардың аумақтық ішкі істер органдармен өзара іскер байланысын ұйымдастыруда дербес болады.
Тармақ 6
6. Кеңес өзінің мәжілістерін тоқсанына кем дегенде бір рет өткізеді,
кеңес мәжілісіне олардың мүшелерінің қатысуы міндетті.
Кеңестің мәжілісіне күзет кызметі субъектілерінің (жеке күзет ұйымдары, жеке кәсіпкерлер мен занды тұлғалардың күзет бөлімшелері, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшелері) басшылары шақырылады.
Тарау ii
Тармақ ii
Тарау ii. II. Кеңестің мақсаттары мен міндеттері
II. Кеңестің мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 7
7. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
Тармақша 1
1)Аумақтық ішкі істер органдарының қоғамдық тәртіптің және кауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі күзет қызметі субъектілерімен өзара іскер байланысты ұйымдастыру, кылмыстың алдын алу және оған қарсы күреске қатысу;
Тармақша 2
2) Қоғамдық тәртіп пен кауіпсіздіктің сакталуын ұйымдастыру және күзет қызметі субъектілерінің қатысуымен қылмысқа қарсы күресті ұйымдастыру жөніндегі жоспарларға әдістемелік нұсқаулар дайындау;
Тармақша 3
3) Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі шараларға қатысу нысандарын жетілдіруге бағытталған шараларды әзірлеу үшін аумактық ішкі істеір органдары және жергілікті аткарушы органдар өкілдері мен мемлекеттік емес күзет ұйымдарының басшыларының кездесуін ұйымдастыру мен өткізу;
Тармақша 4
4) Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін қылмыстық және басқа құқық бұзушылық әрекеттерден сактау жөніндегі мемлекеттік емес күзет ұйымдары қызметінің саласын кеңейту;
Тармақша 5
5) Үкімет белгілеген арнайы оқу орталықтарында, ішкі істер және баска құқык қорғау органдарының қызметін қатыстыра отырып, күзетшілерді дайындау және қайта дайындауда күзет қызметі субъектілеріне көмек көрсету;
Тармақша 6
6)мемлекеттік емес күзет ұйымдары және ішкі істер органдарымен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сактау және қылмысқа қарсы күрес жұмысындағы оң тәжірибені тарату. Бұл мақсатта облыстық ардагерлер кеңесін, ішкі істер және басқа құқық органдарын қатыстыру;
Тармақша 7
7)Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен, күзет қызметі субъектілерінін ішкі істер органдарымен өзара іскер байланыс мәселелері жөніндегі үлгі етуге тұрарлық мысалдарын үнемі жариялап отыру.
Тарау iii. III. Кеңестін функңиялары
III. Кеңестін функңиялары
Кеңес өз құзыреті шегінде заңда белгіленген тәртіппен төмендегі функңияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Консультативтік, тұрақты түрде жұмыс істейтін орган ретінде аумақтық принцип бойынша, аймақтық деңгейде күзет қызметі субъектілерінің ішкі істер органдарымен әзара іскер байланысты үйлестіру мен ұйымдастыруды камтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) Қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, сондай-ақ қылмысқа қарсы күресте ішкі істер органдарымен өзара іскер байланысын
күзет қызметі субъектілері потенциалының пайдаланылуын ұйымдастыруға байланысты жұмысын қорытады және қолдайды;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік органдардың күзет қызметін тексеру тәжірибесін талдайды, оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстарды талдайды;
Тармақша 4
4)Қоғамдык тәртіпті сактау саласындағы өзара іскер байланысты және ақпарат алмасуды нығайтуға, құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі ескерту шараларын күзет қызметін жүзеге асырушы субъектілердің колдануына бағытталған шаралар кешенін дайындап, жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) Күзетілетін объектілердегі мүліктік қылмыс пен қылмыстың басқа түрлерінің алдын алу мақсатында мемлекеттік емес күзет ұйымдарының басшыларын криминогендік ахуал туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) Күзет қызметі саласындағы көкейтесті кәсіби және қоғамдық мәні бар проблемалар жөніндегі күзет қызметі суръектілерінің жұмысына әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.